Бөлісу

Алғашқы ойын. Алғашқы болжам. Алғашқы пікір.

Сонымен бүгін Жоғарғы лигада маусымның алғашқы ойыны. Маусымашардан кейін әне-міне деп ойларымды жазуға қол тимегесін, биылғы маусымның алғашқы постын болжамнан бастайын… 
25 ақпан, Конгресс-холл, 1/8 финал 1-топ.
Қатысатындар:
1. «ҚазҰУ құрамасы», Алматы қаласы
2. «АЭСА», Алматы қаласы
3. «Павлодар жастар құрамасы», Павлодар қаласы
4. «Күлкі терапиясы», Қарағанды қаласы
5. «Абзал жандар», Ақтөбе қаласы
6. «Күлтегін», Астана қаласы

«ҚазҰУ құрамасы» — биылғы фавориттер. Маусымашарда өздері айтқандай «биыл тағы маусымда, не істейсің басқа, енді?»)))))))))))))Негізі, финалға дейін баратын әлеуеті барын бәрі мойындайтын болар… Басқа командалар маусымашарға дайындалып, үн-түнсіз жатқанда бұлар «Жәй әшейін» сериясымен осы сайттың видео-контентін де біраз байытып тастады. Демек, команда толассыз ізденісте, тоқтаусыз шығармашылық жұмыста… Бұл үлгіболарлық үрдіс. Биыл барын салады. Сондықтан бірінші орынмен келесі кезеңге жолдама алады деп ойлаймын.
«АЭСА» — команда ретінде жоғарғы лигаға алғаш шыққанымен бірді-екілі ойыншылары жоғарғы лиганың дәмін татып көрген команда. Стильдері кедергі келтіруі мүмкін. Маусымда жаңа болғанымен жеке тәжірибелерінің арқасында біраз қарсылық көрсететінін сөзсіз. Премьерканың өткен жылы Астанада өткені де командаға көмектесетін болар.
«Павлодар жастар құрамасы» — күреске тоймайтын аутсайдерлер болады. Басқа командалар осы жігіттерді есепке алмай келетініне сенімдімін.)))))))))) Бірақ, кейде осындай аутсайдерлер, фавориттерді омақастыратын кездері болады. Деенмен, маусымашарда жігіттерден пәлендей жаңалық көре алмадым, сондықтан әзірге келесі айналымға өту мүмкіндіктеріне де үлкен сұрақ белгісі арқылы қараудамын.
«Күлкі терапиясы»-Саматқа рахат, негізі… )))))))))) командасын ресми түрде 11 жыл бойы маусымға шығара алады.))))))) Өткен маусымда «Экспресс» болмағасын саяси әзілдердің трендін ұстанған бірегей команда еді, биыл, ол артықшылығы бәсеңдейтін секілді. Дегенмен, 1/4 финалға баратын болуы қажет, ар жағы әзірге бұлыңғыр…
«Абзал жандар» — Қиын. Бірақ, маусымашардағы ойындарына қарап, өзіндік стильдері бар команда ретіне бағаладым. Кейбір «азулы сарапшылардың» пікірінше командаға тұрақтылық жетіспейді екен. Бұл пікірдің қаншалықты екенін ойын көрсетеді. Бірақ, әзірге мүмкіндіктерін жоғары бағалай алмай отырмын.
«Күлтегін» — өткен жылғы қателіктерді ескеріп, биылғы маусымға жаңа қарқынмен келдік десті жігіттер мен қыздар… Астаналық команда болғасын, залдың көмегі әрине болады. Десек те, менің ойымша жаңа командалардың ішінде бұл командаға лайықты қарсылық көрсететіндері баршылық… Сол себептен, қамдану керек, жігіттер мен екі әдемі қыз…)))))))))))))

26 ақпан. 2-топ. қатысатындар:
1. «Экспресс», Ақтөбе қаласы
2. «Демеушіміз болашақ», Астана қаласы
3. «Аграрка», Астана қаласы
4. «ЖасНар», Алматы қаласы
5. «ҚМУ құрамасы», Қостанай қаласы
6. «Тұңғыш астана», Қызылорда қаласы

«Экспресс» — иәәә… бір қарасаң, «Экспресс» үшін оңтайлы маусым болуы керек, биыл… Көсіле шабатын… Десек те, біріншіден, команда көрермен жаңа бой үйретіп келе жатқан кезде, чемпион болып, бір жылға сахнадан қол үзіп алды, екіншіден, өздері әкелген саяси тренд пен ойлы әзіл қазір біраз командада бар… Ал, басқа командада бар шоу мен актерлік ойын «Экспресс» командасына келді ме? келсе де, көрермен оны қабылдай ала ма? уоооот… қызық опшым… бірақ, өзім сүйсініп, айызым қанып қарайтыным сөзсіз бұл команданы… Келесі айналымға сөзсіз өтеді деп сенемін.
«Демеушіміз болашақ» — Қырғыз ренжімесін, қыздар сендер де кешіріңдер… бірақ, жақсы бір фильмнің сиквел, приквелдері шыққанда, кейде ол сәтсіз болады, кейбірі сәтті болады ғой, сол сияқты биылғы маусымда түбегейлі өзгермесеңдер, ия бір тың жаңалық әкелмесеңдер, маусым сендер үшін лотерея болатын секілді… Қырғыз мойындамаса да, команданың авторларына да ескерту бұл…))))))))))))))
«Аграрка» — сарбаздардың деңгейіне шыға алмай жүрген команда… биыл не күтерімді білмедім… Премьеркада біраз күткем, негізі… қайдан білейін… маусымның өзіне добормен алынғандығы да, күмәнді еселеп тұр… Білмеймін… Дегенмен, сәттілік!))))))))))))))))
«ЖасНар» — өткен жылы айтқанымдай, биылғы жыл бұл команда үшін «жұлдызды» жыл болуы керек, негізі… Дегенмен, қарсылас командалардың басым жақтарына өздерінің басым тұстарын сәтті қарсы қоя білсе, биылғы финалдан тағы көруіміз мүмкіндігі өте жоғары…
«ҚМУ құрамасы» — Қостанайлықтарда жақсы бір басымдық бар — олардың екі тілде ойнайтындықтары. бірақ, орысша ойындары сәтті болғанда қазақша ойындары сәл стагнацияға яки тоқырауға ұшырайтынын аңғардым… осыны дұрыстаса, былтырғы маусымда біршама тың сарындарымен есте қалған еді, биыл да жаңалық күтемін.
«Тұңғыш астана» — жігіттерге тек бір-ақ нәрсе айтамын. Жоғарғы лига Премьерка емес… Былтырғыдай кездейсоқ сәттілік бола бермейді. Маусымның тақырыбына сай команданың стиліне өзгеріс енгізу қажет. Әйтпесе, қиын…

Опшым, осылай әзірге. Бұл менің ойларым. Қалғанын ойын көрсетер… Кездескенше…

Алдан Жылгелді

Пікір қалдыру