Арал құрамасы: «Биылғы маусымнан күтеріміз көп…»

Жайдарман ойындарында өзінің тұщымды әзілдерімен көптің көңілін баурап жүрген командалардың бірі – Арал құрамасы. Сегіз серіден құралған команда биыл тағы да Премьер лигада!

ersayin_ergenbay-115

  • Былтырғы Премьер лига мен биылғы Премьер лиганың ерекшелігі қандай?
  • Жыл сайын Жайдарман өсіп келеді. Сонымен бірге командалар деңгейі де дамып, жетіліп келеді. Әр команда әр маусымда өзін жаңа стилде, жаңа форматтағы әзілдерімен көрсетуде. Біз де биылғы маусымға жаңа әзілмен, жаңа құраммен келіп отырмыз. Көрерменге ұнайды деген ойдамыз.

ersayin_ergenbay-113

  • Былтырғы мен биылғы құрамда қандай өзгерістер бар?
  • Команда құрамында атап айтарлықтай өзгерістер жоқ. Тек командамызға 1-2 ойыншы алдық. Қалған жігіттер бұрыннан ойнап жүр.

ersayin_ergenbay-116

  • Былтырғы маусымда не естеріңізде қалды?
  • Былтырғы маусымда ойнаған барлық әзілдеріміз есімізде. Бірақ өкінішке орай, былтыр Премьер лиганың жартылай финалына дейін ғана ойнадық. Сәл дайындығымыз аздай болған шығар… Ал биылғы маусымнан күтеріміз көп. Себебі, маусымға дайындығымыз жақсы.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...