Астана қалалық «Маусымашар-2018» фестивалі өтті

Мамыр айының 11 жұлдызында «Жастар» сарайында Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігі аясында «Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концерті өтті. 

Елордамыздың 20 жылдығымен тұспа-тұс келген Жайдарманның 14 маусымында Астана қаласының «Маусымашар-2018» фестиваліне 45 команда тіркеліп, редакторлық жұмыстар нәтижесінде гала-концертте өнер көрсетуге 19 команда мүмкіндік алды. 

Осылайша Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен Астана қалалық біріншілігі 5 маусымын бастады. Командаларға сәттілік тілеп, оларды марапаттау үшін Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының атынан Данияр Нұрашұлы Есин арнайы келді. 

Фестивальге қатысқан барлық командалар Жоғары және Премьер лигаға бөлінді. Жоғары лигаға өткен командалар Астана қалалық біріншілігінде бақтарын сынайтын болады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...