-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
«Астана қаласы әкімінің кубогы – 2015» республикалық арнайы жобаса | РЕСМИ ЕСЕП
10 қыркүйек күні Астана қаласы «Конгресс-Холл» сарайында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана қаласы әкімінің кубогы – 2015» республикалық арнайы жобасы өтті.
Дәл осы күні елімізідің әр аймағынан жиналған 15 команда, яғни 150-ге жуық жайдарманшы Елорда әкімінің кубогын сарапқа салды:
- «Алмалы» — Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы
- «Үш жүз» — Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
- «ҚазИИТУ» — Қазақстан инновациялар және телекоммуникациялар, жүйелер университеті, Орал қаласы
- «Грант» — Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институты, Орал қаласы
- «Алаш ұлдары» — Семей қаласы электротехникалық колледжі, Семей
- «Барыстар» — Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
- «Чехов аялдамасы» — Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар облысы
- «АТУ құрамасы» — Алматы технологиялық университеті
- «Таң қалмаңыз» — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
- «Аграрка сарбаздары» — С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- «Фемида» — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
- «Құлсары құрамасы» — Атырау облысы, Құлсары ауданы
- 13. «Болашақ жастары» — Болашақ колледжі, Тараз қаласы
- «Тұран Астана» — Тұран Астана университеті
- «Шымкент жастар құрамасы» — Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы
2009 жылдан бастау алған жоба жастар мен жасөспірімдердің өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қазақ тілінің дамуы мен кеңейе түсуіне де септігін тигізуде. Ойынға жастар ісі мәселесіне белсене араласып жүрген азаматтар, танымал журналист-блогерлер және Астана қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері шақырылды.
Сайыс нәтижесі бойынша анықталған үздік командаларға сыйақылар табысталады:
І орын – «ҚазИИТУ құрамасы», Орал (500 000 теңге);
ІІ орын – «Чехов аялдамасы», Павлодар (300 000 теңге);
ІІІ орын – «Таң қалмаңыз», Алматы(200 000 теңге);
«Үздік ойыншы» номинациясы – Есет Мырзағазиев «Фемида» (100 000 теңге).
Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдап, жас таланттарды ынталандыруға бағытталған жоба болашақта өз жалғасын табады деген үміттеміз.