АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАН ФИЛИАЛЫ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫН!

Жаңа маусым — жыл басы сияқты. Жаңалыққа ұмтылу, жағымды өзгерістер жасау, дайындалу, жаңа жетістіктерге жоспарлар жасау, әбрі де, осы маусымнан бастау алады. Кезекті, ХІ «Тарих маусымы» да өз жаңалықтарын ала келді. Ал, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ-ның облыстағы филиалдары өзгерістерді оң қабылдап,маусымға сақадай сай болуы қалыпты. Сол, белсенді облыстық филиалдардың бірі — Атырау облысының «Жайдарман» филиалы.
атырау квн лого JPG
• БАСҚАРУШЫ ОРГАН: Атырау облысының ЖАЙДАРМАН Лигасының кеңесі.
• Кеңес құрамы: БІРІНШІ ТӨРАҒА — Атырау облысы «Жерұйық» командасының ойыншысы Ернар Боранғалиев; ЕКІНШІ ТӨРАҒА — “Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ «АТЫРАУ КВН» филиалының атқарушы директоры, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының жетекшісі, Жергілікті ойындарды жүргізуші Руслан Ахашев;
• КЕҢЕСТІҢ ТӘУЕЛСІЗ МҮШЕСІ — Атырау облысының КТК қозғалысының негізін салушыларының бірі Асхат Қалауов; КЕҢЕСТІҢ
МҮШЕСІ – БҚО «Назар аудар» командасының капитаны, Жергілікті ойындардың редакторы Азамат Әленов; КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ – Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшының орынбасары Арман Азаматов.
• ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ҚОЛДАУШЫ ҰЙЫМ: “Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ «АТЫРАУ КВН» филиалы.
20140907_131148
• БАС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҰЙЫМ: «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры.
• ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ ҚОЛДАУШЫ МЕКЕМЕ: Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы.
• Атырау облысының Жайдарман Лигасының құрылған уақыты: 4 мамыр 2009 жыл.
• Әлеуметтік желідегі парақшалар: Вконтакте vk.com/jaidarmanatyrau Инстаграмм @jaidarmanatyrau
• Орталықтанған анықтама телефоны: 87780001545

KAI_4615
• 2014 жылғы маусымашар қорытындысы бойынша 45 команда тіркелді. Филиалда Атырау облыстық Ашық лигасы мен Премьер лигасы жұмыс жасайды.
• 2009-2014 жылдары арасында Каспий Аймақтық лигасы , Студенттер және Мектеп лигалары, облыстық Ашық және Премьер лигасы, Республикалық «Жас толқын» мектеп лигасы, қала және аудандық әкім кубоктары, аудандық көктем және жазғы кубоктар, облыстық жазғы және көктем кубоктары сайыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар аймақта орысша КВН ойындарын алғаш қолға алған ұйым.
• 2014 жылғы есеп бойынша облыстан республикалық лигаларға қатысқан командалар саны: Аймақтық лигаларда бесеу, Орталық лигаларда алтау, Алматы Ашық лигасында «АИГИ жастары» командасы, Жоғары лигада «Сағыз құрамасы» командасы.
• 2014 жылғы ресми екі лиганың қорытындысы:
• Атырау облыстық Ашық лигасы бойынша финалдық сайыстарының жеңімпазы — Атырау медицина колледжі «Абзал жандар» командасы;
• Атырау облыстық Мектеп лигасы бойынша финалдық сайыстарының жеңімпазы — №36 орта мектеп «36» командасы.
RC-oDFFCXn4

• Облыстық командалардың жетістіктері:
2008 жылы облыстың атынан Республикалық Жоғары лиганың финалисті «Жигули» командасы;
2009 жылғы Республикалық Жоғары лига ойындарының жеңімпазы «Құлсары» құрамасы;
Республикалық Жоғары лига ойындарының бірнеше мәрте қатысушысы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жерұйық» командасы;
2013 жылғы Республикалық Премьер лига ойындарының қатысушысы Құлсары қаласының «КулШтат» командасы;
2012 жылғы Республикалық Премьер лига ойындары финалының II орынды иеленушісі, 2013-2014 жылдары Республикалық Жоғары лига ойындарының қатысушысы, «НұрОтан» партиясының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыстың жеңімпазы «Сағыз» құрамасы.
VIM6M2loyOI
• 2015 жылғы жоспарлар:
Облыстық «Маусымашар 2015» фестивалі ақпан айының 19-20 күндері өтеді. Гала-концерт болмайды, тек тіркелу, лигаларға жолдама беру.
Атырау облыстық Ашық лигасының 1/8 финалының 1-ші тобы мен Премьер лиганың 1/8 финалының 1-ші тобы ақпан айының 21-22 күндері өтеді. Сайысқа маусымашар қорытындысы бойынша жолдама алған командалар қатысады, яғни Ашық және Премьер лигаларына жолдама алған командалар екі-екі топтан бөлініп,қатысады. Екінші топтардың сайысы наурыз айының басында өтеді.
Ашық лига- облыстың басты (жоғары) лигасы тек басқа аймақтардан команда қатысуға болады. Бұл лигаға басқа облыс командасымен, фестивальден таңдалған топтар қатысады.
Премьер лига- облыстың кіші және мектеп лигарының тұрады, бұнда жоғары, арнаулы орта оқу орындар және мектеп топтары қатысады.

IMG_1036

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...