«Атырау облысы әкімінің кубогы» республикалық арнайы жобасы өтті

21 қараша күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен «Атырау облысы әкімінің кубогы» сайысы өтті.

DUK_3259

Кеш жүргізушісі, «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен Атыраулық көрермендерге ыстық сәлемін жолдап, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.  Респібликалық деігейде өнер көрсетіп жүрген 8 команда «Әкім кубогын» сарапқа салды. Олар:

  1. «Арал-Ас» — Қызылорда облысы
  2. «ҚазИИТУ» — Батыс Қазақстан облысы
  3. «Сағыз» — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
  4. «Фемида» — Ақтөбе облысы
  5. «Өнерпаз» — Атырау қаласы
  6. «Боранқұл» — Маңғыстау облысы
  7. «Грант» — Батыс Қазақстан облысы
  8. «Құрманғазы жастары» — Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

DUK_3414

Командалар сәлемдесу кезеңі бойынша өнер көрсетіп, астарлы әзілдерімен көрермендердің де, қазылар алқасының да көңілінен шыға білді.

DUK_3255

Қазылар алқасының құрамы:

  1. Қойшығұл Жылқышиев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Тамаша» ойын-сауық отауының тұңғыш редакторы
  2. Төлеген Жангелдиев — ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
  3. Мейірім Қалауи – Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
  4. Балауса Халелова – «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редактор-жүргізушісі
  5. Санжар Шахманов – Ардагер жайдарманшы

DUK_3494

DUK_3319

Сайыс қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен «Сағыз» құрамасы «Атырау облысы әкімінің кубогын» иеленіп, 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені қанжығасына байлады.

DUK_3569

Ал, «ҚазИИТУ» командасының белді ойыншысы Қабол Тілеков «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.DUK_3564

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...