Бөлісу

«Ақмола» лигасы 2014 жылғы маусымының финалы


22 қараша күні Көкшетау қаласында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Ақмола облысы бойынша «Көкшетау КВН» филиалының ұйымдастырумен, Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен Облыстық «Ақмола» лигасы 2014 жылғы маусымының ФИНАЛДЫҚ Жайдарман ойыны өтті.

Жалпы 6 негізгі топ қатысты. «Шал-ақын» Петропавл қаласы, «Сөзжетпес» Қостанай қаласы, «Қазы қарта» Зеренді ауданы, Агробизнес колледжі, «Эрика Баду» Астрахан ауданы, «Құрмет» Ж. Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжі, «Шоқан Шәкірттері» Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, «Жайдарман» топтары финалдық ойынында чемпион атану үшін өз өнерлерін көрсетті.

Ойын негізі сәлемдесу, триатлон және бір әуен аясында (КОП) сайыстарынан тұрды.

«Жайдарман» ФИНАЛДЫҚ сайысын қорытындылай келе:

«Құрмет» Ж. Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжі — I орын
«Эрика Баду» Астрахан ауданы — II орын
«Сөз жетпес» Қостанай қаласы — III орын

Ақмола облысы бойынша «Көкшетау КВН» филиалы

 

Пікір қалдыру