Бөлісу

Болжам… Премьер-лига 2013, 1/2 финал

Опшым, не ғо… «Финалист кім болады?» деп тіреліп жатыр екен, мына жақта
Өзімді «пікіристтер» қатарынан шығуыма қолайлы тақырып ретінде, осы ойынға деген болжамымды шығарып көрмекпін.Мәселенің басын ашып алайық, менің болжамдарымды ішкі тотализаторда ставка қоюға пайдаланып, қол шықпай қалса, телефонмен боқтап, машинамның дөңгелегін тесіп, балабақшадағы баламды ұрып кету жоғынан. Ал, болжамым рас болып, қолдары майланғандар телефоныма ақша, өзіме кола мен сникерс, құрдастарыма (өздері айтад, кім менің құрдасым екенін) екі бокал сыра әперулері сәлемденеді. Хош, осымен эпиграф тәмам, енді іске кірісейік…
Сонымен…
Афишаға сәйкес жарияланған командалар:

1-топ
1. Тереңөзек құрамасы (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
2. ҚазИИТУ құрамасы (Орал қаласы)
3. Кулштат (Құлсары қаласы)
4. Аграрка (Астана қаласы)
5. Алғабасар (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы)
6. Жастар (Аягөз қаласы)
7. Байдың балалары (Шымкент қаласы)

Неге екенін қайдам, Премьер-лиганың ойындарын толыққанды көру бақыты әлі бұйырмапты, ендеше, қолда бар мәліметтерімнің негізіндегі соқыр (кешір, Алмас) болжамдарым.

1-топ.
Тереңөзек құрамасы — Айқаракөздің Топ-10 статистикасына енген Бахалектің бастауымен құрылған команда, маусымашарда өзінің айтары да, берері де, көрсетері де, алары да бар команда екенін көрсеткен-ді. Сондықтан финалистер қатарынан көру мүмкіндігіміз жоғары команда ретінде бағалаймын.
ҚазИИТУ құрамасы — Оралдық «Назар аудар» стиліне келіңкірейтін ойын көрсетуімен есімде қалыпты өзіме. Дегенмен, командаға әлі тұрақтылық жетіспейтіндей көрінеді.
Кулштат (Құлсары қаласы) — Құлсарылықтардың ойынын көру бақыты әзірге бұйырмады, бірақ, бұған дейінгі есептер мен нәтижелерге қарап, бұл команданы да финалда көру мүмкіндігіміз жоғары дей алмас едім…
Аграрка (Астана қаласы) — Аграрка дегенде, шынымды айтсам, 7-класстың әдебиет кітабындағы «Отырардың күйреуі» дейтін поэма бар ғо, сондағы «Даңқың қайда төске өрлеген?» деп басталатын өлең жолдары еске түсе береді. Соңғы жылдары Аграркадан көп үміт күтеміз, бірақ, олардың ол үмітті ақтауы кемшін түсіп жатады. Опшым, сене алмай отырмын, олар финалға барады дегенге… шын сөзім, ренжімеңдер…
Алғабасар — 9 генерал шыққан Жуалы жерінің түлектері өз сильдерімен есте қалып үлгергені сөзсіз. Бірақ, бұл командаға да, ойындары мен әзіл сапаларында тұрақтылық жетіспейтінін айта отырып, тәжірибесінің арқасында финалға өту мүмкіндігі жоғарылау команда деп бағамдаймын.
Жастар (Аягөз қаласы) — Аягөз… Соңғы жылдары шығыста жақсы бір жайдармандық бәсеке байқалады. Сондықтан сондай ортадан шыққан командадан біршама үміт күтер едім… өз ойым…
Байдың балалары (Шымкент қаласы) — биылғы маусымашарда шымкенттік командалардың ішінен менің көңілімді аударған команда осы команда болатын. Өзіндік стилі бар. әзілдерінде байсалдылық бар. Әйтеуір маусымашарда солай көрдім. Ендеше, бұл жолы финалға да өтеді деп үміттенем.
Сонымен, 1-топ бойынша менің болжамым, Тереңөзек, Жуалы, Байдың балалары. резерв-Аягөз.

2-топ… бұл топтың болжамын ертең осы постты толықтырып жазам, бүгін түс көріп келейін…)))))))))))))

25.09.2013ж.

опшым, екі күн ұйқысыздықтан кейінгі шала ұйқыдан туға болжам…
Сонымен, екінші күні сахнада ойқастайтын командалар
1. Тұңғыш Астана (Қызылорда)
2. АПК Ақорда (Астана қаласы)
3. Жаным (Семей қаласы)
4. АЭСА (Алматы қаласы)
5. ХҚТУ құрамасы (Түркістан қаласы)
6. Алаш ұлдары (Семей қаласы)
7. 7132 (Ақтөбе қаласы)

Шынымды айтсам, екінші күні бірінші күнмен салыстырғанда тартыс аздау болатын секілді… өз ойым… Дегенмен…

Тұңғыш Астана (Қызылорда) — шамалауымша Қызықордадағы Абусаид бауырымыз жетекшілік ететін команда. Олай болса, Саидтің тәжірибесі мен жастардың қарқынынан жақсы дүниелер туындаған шығар деп үміттенемін. Сосын білуімше, команда тек ойынмен ғана емес басқа да, қоғамдық, тағы басқа қызметтермен бірігіп айналысады, бұл өз кезегінде команданы әлеуетін арттырмаса, кемітпейді. Финалға өтуі бек мүмкін команда.
АПК Ақорда (Астана қаласы) — Әзірге астаналық командалардың арасынан топ жарып, қара үзіп тұрған команда болмай тұрғанын (өз бағам бойынша) ескерсек, команданың финалға өту мүмкіндігін 50/50 бағалап отырмын.
Жаным (Семей қаласы) — команданы бастап жүрген қарындасымыздың орындауындағы эксклюзивке жақындау 1-2 нөмір және қалған команданың орындауындағы бірнеше штамп әзілдермен келеді деп болжаймын бұл команданы. финалға өтулеріне тәжірибелілігі мен онсыз да аз, қыздар командасы болуы көмектеседі деп ойлаймын.
АЭСА (Алматы қаласы) — не ғо, Михон осында ма? онда көру керек. бірақ, финалға өту әлеуетін бағалай алмай тұрмын. мен үшін әзірге белгісіз бұл команда…
ХҚТУ құрамасы (Түркістан қаласы) — бұл командаға қарап та, Аграрканың командалары секілді «Даңқың қайда төске өрлеген» деп зарлана бастағаың келеді. жайдарманда ХҚТУ-дың беделі мықты. ендеше сол үдеден шығу қиындау, Ал, біз соны күтеміз… сондықтан, бәрі жігіттерге байланысты, десек те, финалға шығу мүмкіндігін жоғары деп айта алмаймын.
Алаш ұлдары (Семей қаласы) — бұл команданың ойындарын толық көрмесем де, көрген кезден алған әсерлерім жоғары. ендеше, мүмкіндіктерін де жоғары бағалағым келіп тұр.
7132 (Ақтөбе қаласы) — танымайды екенмін… ренжімеңдерш…
опшым, екінші күнгі ойыннан финалға жолдама алуға мүмкіндігі жоғары деп меніңше Тұңғыш Астана, Жаным және АПК Ақорда болады, резервке Алаш ұлдарын қостым…

Опшым осылай…

Алдан Жылгелді

Пікір қалдыру