-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
Бүгін Алматай Көздібаеваның туған күні!
Қазақша КВН ойындарының өмірге келуіне себепші, қазіргі Жайдарман ойындарының бастауында тұрған Алматай Көздібаева деген сүйікті апайымыз болатын. Бүгін сол кісінің туған күні. Тірі жүрсе, 59 жасқа толар еді. Өмірден өткеніне 12 жыл болып қапты.
Жалпы Алматай апайдан үйренгенім көп. Ең бірінші –шаршамау, талмау, бастаған істі соңына дейін жеткізуді сол кісіден үйренгенмін. Ол кез-келген істі соңына дейін, тиянақтап кетуді ойлайтын. Өткен қателіктерден сабақ алып, тек алға қарай жүр деп отыратын.
Қазақша КВН ойындарының дамуы, бүкіл республикалық деңгейге жетуі Алматай апайдың арман еді. Дәл қазір ол үдеден шығып келеміз деп айта аламыз.
Сонымен қатар жылда осындай уақытта маусымашар ойындары өткізіледі. Алматай Бансатдинқызын еске алып отырамыз. Тек жаны жаннатта болғай.
Біз сіздің жолыңызды жалғастыра береміз!
Біз сіздің жолыңызды жалғастыра береміз!
Қазақстан КВН ойындары РЖҚБ Президенті Е. Елеукен