-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
Грант аясында өткен ойындар эфирге жол тартты

Жайдарман мамыр айының аяғында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының осы грантын жеңіп алған болатын. Осы грант аясында « Астана кубогі» республикалық арнайы жобасы , «Жастар жазғы фестивалі» ойыны ұйымдастырылды. «Астана кубогі» республикалық арнайы жобасы 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дәл осы орында халықаралық жастар күніне орай, 12 тамызда Жастар жазғы фестивалі ұйымдастырылған болатын.
Қыркүйек айында осы ойындар Qazaqstan ұлттық арнасының эфирінен көрерменге жол тартты. «Астана кубогі» республикалық арнайы жобасының эфирі 28 қыркүйекте Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетілді. Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жастар жазғы фестивалі» ойынының эфирі ұлттық арнадан 15 қыркүйекте өтті.
Эфирден соң, екі ойынның толық нұсқасы Youtube желісіне жүктеліп, әлеуметтік желілерге жарияланды. Сәтті өткен ойындар көпшіліктің көңілінен шығып, қаралым саны артып жатыр.