Бөлісу

Долбар мен болжам, Жартылай финал, Жоғарғы лига.


Хоооооош, сонымен, Жоғарғы лиганың жартылай финалы да келіп қалыпты… Тааааак, сонымен, қатысатын командаларды қарайық… 
1-топ.
Қорқыт құрамасы
Назар аудар
ҚазҰУ «Ұлттық құрама»
Тек қана қыздар
Сағыз

Сонымен, болжам…
Қорқыт құрамасы — тәжірибелі команда. Оған қоса, ресми маусымдағы үзілісте қол қусырып отырмай, арнайы жобалар мен аймақтық біріншіліктерге қатысып, былайша айтқанда «ащы терлерін» алдырып, бапталып келе жатқан команда. Команда өзінің тәжірибелілігіне салып, өздерінің үйреншікті стильдерінде келеді деп ойлаймын. Олай етуге құқылы, себебі, бұл стиль әлі де көрерменге өтімді, оның үстіне өздерінің тұрақты жанкүйерлерін қалыптастырып үлгергендіктен көрерменнің қошеметі аз болмайды. Дегенмен, басты тәуекелдері, әрине, қазылар алқасы… Себеп, көрерменнің қошеметіне бола команда арзан әзілдерге бой алдырып жатады. Ал, жайдарманның трендтері өзгеріп келе жатқанын ескерсек, бұл қауіп… Бірақ, 1-2 курстың студенттері үшін сөзсіз фаворитсіңдер, әңгіменің ашығы…))))) Финалға өту әлеуетін жоғары деп бағалаймын.
Назар аудар — Жайдарманға келетін көрермендердің ішіндегі төмен етектілердің 90 пайызы осы команданың ойынын көруге келеді, 5 пайызы ойынның үстінде осы команданың жанкүйерлеріне айналады. қалған 5 пайызы іштей ғашық, себебі ойынға жігіттерімен келеді. Ал, шынына келсек, меніңше, Оралда бұл топтың артында жүйелі түрде жұмыс істейтін үлкен топ тұрған секілді. Себебі, топтың шығармашылық өсуі, дайындықтары, сосын кей уақытта әзілдеріне алған идеялары осындай ойға итермелейді. Егер ойым рас болып шықса, бұл жаман емес, бұл жақсы, тіпті өте жақсы. Демек, команданың болашағы бар. Бірақ, команда, әрине өз стильдеріне «гламур и глянец» дегендей жеңіл де, әдемі әзілдер мен сюжеттерді таңдайды. Бірақ, бәрібір өсу керек. Осыны ескерсе екен, деген тілек… А так, финалға әлеуеті мықты команда.
ҚазҰУ «Ұлттық құрама» — Үздіксіз, жыл, он екі ай, үш жүз алпыс бес күн дайындықта жүретін команда. Оған қоса, дайындықтары жүйелі. Редактурада «ойбай мына әзілді кесіп тастады, енді орнына не қоямыз, еу, бірдеңе шығарайық та» деген паниканы көре алмайсыз бұлардан. Бірақ, биыл команданың көп ойыншылары дипломдарын қолына алғанын ескерсек, қазіргі жағдайын бағалай алмай отырмын. Дегенмен, евростайл жайдарманның көшбасшысы да, бірегейі де осылар. Былай алып қарасаң, түкке тұрмайтын гон әзілдерді бір сюжетке біріктіруіне таңдай қағумен болам, әрқашан… Финалисттер қатарынан көргім келеді. Көретін де шығармын.
Тек қана қыздар — Опшым, алдыңғы шептен келген ақпаратқа сүйенсек, команда құрамы жаңартылған. Ендеше, жаңа қыздардан жаңа ойын күтеміз. Мерекеге сәттілік! Десек те, барлық ойынды Мерекенің айналасына құрудан арылатын уақыт келді… деп тағы айтқым келіп отыр. Әлі солай болса, қиындау…
Сағыз — Няганьстайл)))))))) Әлде Няганьның командасы Сағызстайл ма?)))))))))) Опшым, Жайдарманда ешкімге ұқсамайтын, сонысымен ерекшеленетін команда. бірақ, көрермендердің қабылдауы қиындау болып жатад. Десек те, финалға өту мүмкіндігін сәл төмендеу бағаладым.

Сонымен, 1-топ бойынша финалға өту бәсі жоғары деп ҚазҰУ мен Назар аударды атадым. Бірақ, Қорқыттың да бұл орынға таласу мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Уооот…

2-топ.
Арал-АС — 2011 жылғы чемпиондар. Хммм… Әрине, команданың әлі айтары бар, тәжірибе шаш етектен… Көрерменнің қошеметі жеткілікті… Бірақ… Топ мүшелері бұрынғыдай бір жерде шоғырланбаған. Кейбір мүшелері коммерциялық жобаларда жүр… Бұл өз кезегінде, дайындыққа әсерін тигізері сөзсіз… Демек, тәуекел бар, қауіптің де шеті көрініп тұр… Дегенмен, қарсыластар арасында фаворит екенін жасырмаймын. Демек, үміт бар, мүмкіндік те бар… Тек, тыңғылықты дайындық пен идеяларды жүзеге асыру керек. Көреміз…
Альянс — Жалпы жайдарман топтарының арасында сынды дұрыс қабылдап қана қоймай, одан өзіндік нәтиже шығара білетін бірегей команда. Осыған орай, даму бар, өсу бар. Бірақ… өткен жылғы финалдағыдай, команда мүшелері шашырап кетпесе, жақсы болар ед. Финалға өту мүмкіндігі бар, тек соны уыстан шығарып алмаса болғаны…
Барыстар — топтың әлеуеті мықты. Қазақи стиль тұнып тұр. Тек, менің бір құрдасым айтпақшы, бала-шаға мен ауыл-үйдің ауласынан шығатын уақыт жетті. Соны ескергені дұрыс. Финалға басты үміткерлердің бірі.

Демеушіміз Болашақ — Нұрболхан бастаған қыздар жобасы жақсы жоба бірақ, соңғы уақытта аздап тоқырау байқаймын. Жаңа фишкалар керек секілді. Күтем…
ЖасНАР — Өткен жылғы Премьерканың чемпиондарының стилі ұнайды жеке өзіме… Әдемі… Байсалды… Керек жерінде әзілді жеңілдетуді де біледі… Көріністеріі енді, сөз жоқ… Бірақ… Астаналық көрермен әлі үйренісе алмай жатыр, сол кедергі болуы мүмкін.

Ааа, сосын афишада екі топтан бөлек тұрған командаға тоқталсақ…
Күлкі терапиясы — Саматтың интернационал командасы, биыл жақсы ойыншылармен толықты. Бірақ, әлі де болса, саясатты әзілге айналдыруда астарлау, тұспалдау мәселесі кем түсіп жатады. Әлі де даму қажет.

Сонымен, сөздің қысқасы, финалдан көреміз-ау деген командалар қатарына бұл топтан Арал-Ас пен Барыстарды таңдадым. Резервте 1-топтан Қорқыт пен 2-топтан Альянсты атаймын. Ендігісі ойынның еншісінде…

Алдан Жылгелді

Пікір қалдыру