-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРНАЙЫ КУБОГЫ
2015 жылғы 29 сәуірде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кубогы өтті. Сайыс Астана қаласы және еліміздің басқа қалаларының мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Ойынға Астана қаласы №61 орта мектебі — «61-дің жастары» командасы, Көкшетау қаласы №17 мектеп — «17-құрама», Көкшетау қаласының 3 облыстық мамандандырылған мектеп интернаты — «Дарын жұлдыздары», «Екібастұз мектеп құрамасы» — Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарағанды қаласы №65 орта мектеп — «Жұрттың балалары», «Қамажай» — Өскемен қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп, «Отырар» — Астана қаласы №8 мектеп, «Ерке қыздар» — Ақмола облысы, Қараөткел ауылы №2 орта мектеп, «Лицей ұландары» — Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейі, Астана қаласы, №3 мектеп гимназиясы — «Жігіттер» сынды мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша, «Қамажай» жайдарман тобы — І орын, «Ерке қыздар» командасы – ІІ орын, ал «Жұрттың балалары» командасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Сайыс жеңімпаздары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының дипломымен марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтарға ие болды.