Еуразия ұлттық университеті 20 жылдық мерейтойын «Жайдарманмен» бірге тойлады

Лев Гумилев атндағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 30 сәуірінде Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында республикалық «Жайдарман» фестивалі өтті. Университет ректоры тіккен кубок мен 300 мың теңгелік сыйақыны алу жолында жарысқа Қазақстан бойынша 14 студенттік топ қатысты. Бұл қатарда жаңа топтар мен жайдарман ойынының ардагерлері де бар.

Әділқазы алқаларының қатарында Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов, ақын Серікзат Дүйсенғазин мен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы болды.

Әділқазы алқалары «Aру.KZ» (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Арқалық қаласы) мен «Ханшайым» (Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы қаласы)  қыздардан құралған топтардың ойынына оң баға берді. Сондай-ақ, «Альянс» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қаласы) мен «АЭСА» (Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қаласы), «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) және «Қорғалжын құрамасы» (Ақмола облысы) топтары көрерменнің ықыласына бөленді.

Ойын нәтижесі бойынша «Тұңғыш Астана» (Қызылорда қаласы) құрама командасы бас жүлде иегері атанса, 200 мың теңгелік сыйақыны, яғни екінші орын «ARY.KZ» (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Арқалық қаласы) иеленді. Ал үшін жүлделі орынға тігілген 100 мың теңгелік сыйақы Тұран-Астана университетінің намысын қорғаған «Тұран Астана құрамасы» тобына бұйырды.

Ал «Үздік ойыншы» номинациясына «Грант» командасының ойыншысы Елжан Халиуллин ие болды. (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы)

Бұл тартысты да қызықты ойын жақында телекөрермендерімізге жол тартатын болады. Күтіңіздер!) Әдеттегідей, «Қазақстан» телеарнасы.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...