«Жайдарлы» Жастар КВН лигасы

«Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі 2013 жылы 1 ақпанда заңды тұлға ретінде тіркелді. 2013 жылдың ақпанынан – 2014 жылдың 31 наурызына дейін төрайым Нурханова Таңшолпан Бақытәліқызы болды. Қазіргі уақытта төраға қызметінде Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы.

2013 жылы жоғарғы лигада өнер көрсеткен «Алғабасар» (Жуалы) командасын атап өтуге болады. Премьер лигада «Шу-чу» командасы. 2013 жылы Жамбыл облысы әкімінің Кубогіне халықаралық КВН фестивалін ұйымдастырдық. 2014 жылы Республикалық «Әулие-ата» орталық лигасы ашылды

Жалпы облыс бойынша 60-қа жуық команда тіркелген және 40-қа жуық аудандық командалар бар. Республикалық деңгейде 9 команда өнер көрсетеді:

Жоғары лига:

  1. Алғабасар
  2. Тараз 2000

Премьер лига:

1.Шу-чу

2.Тараз-Астана

Ашық лига:

  1. Болашақ жастары

Орталық лига:

  1. 10 планета тұрғындары
  2. Өнерлі жігіттер
  3. Ерке сылқым
  4. Менің сүйікті командам

1)Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы

Туған күні: 1986 жыл 19 ақпан.

Қызметі: «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

2) Нурханова Таңшолпан Бақытәліқызы

Туған күні: 1994 жыл 3 сәуір.

Білімі: Орта, «Болашақ колледжі, Бастауыш сыныбының мұғалімі.

Қызметі: «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы

3) Меклисов Қайрат Меклисович

Туған күні: 1987 жыл 17 мамыр.

Қызметі: «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің редакторы

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...