12 тамыз күні халықаралық Жастар күні екені баршамызға аян. «Жайдарман»  бірден-бір жастар  қозғалысы болғандықтан, бұл айтулы мерекені ерекше атап өтуді жөн көрді. Аталған мереке қарсаңында Елордамыз Астана қаласында «Жастар» жазғы жайдарман фестивалі өтпек.  4-9 тамыз күндері өтетін фестивальге және фестиваль аясында өткізілетін шараларға кез-келген жайдарман тобы қатысып,  кез-келген адам көрермен бола алады. Ең басты айта кететіні, бұл республикалық деңгейде өтетін фестиваль, яғни кез-келген облыс, қала, аудан, ауыл, мекеме,  оқу орны, көшенің жайдарман тобы «Жастар» фестивалінің қатысушысы атануына мүмкіндігі бар.  Ол үшін әдеттегі «Маусымашар» фестиваліне тіркелгендей тіркелсеңіз жеткілікті: әуелі www.jaidarman.kz/tirkelu арқылы, кейіннен  Астана қаласына келгеннен соң «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ кеңсесінде.

Фестиваль барысында тек «Жайдарман» ойынымен қатар түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады. Олардың қатарында:  ашық фестиваль,  семинар тренингтер, би батл, би кеші, асық ойнау, айтыс, «ақсерек көксерек», әлеуметтік желі сайыстары,  семинар, Домбыра PARTY, футбол, бауырсақ жеуден сайыс.

Фестиваль барысында өтетін шаралар кестесін ұсынамыз:

4 тамыз Командалардың келуі. Тіркеу
5 тамыз Редактура I тур. Семинар тренинг. Футбол. Айтыс. Би батл. Ақсерек көксерек. Бауырсақ жеуден сайыс. Әлеуметтік желі сайыстары
6 тамыз Редактура II тур. Республикалық Жоғары лиганың жартылай финалына ҚОСЫМША ЖОЛДАМА иегерлерін анықтау сайысы. Домбыра PARTY
7 тамыз Редактура. Жиналыс.  Әлеуметтік желі сайыстары. Ашық фестиваль. Би кеші.
8 тамыз Басты дайындық. Гала концерт
9 тамыз Командалардың қайтуы