«Жастар» жазғы фестивалінің жеңімпазы — «Сарыарқа құрамасы»

Тамыздың 18-і ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен халықаралық жастар күніне арналған республикалық «Жастар жазғы фестивалі» өтті.

Жазғы демалыстан кейінгі алғашқы ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен жастар елордаға жиналды. Жеңісті «Сарыарқа ауданы құрамасы» қамшыласа, екінші орынға Атырау облысының «Майами» командасы орнықты. Ал үшінші орынды көрермен көзайымына айналған Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай жерінен келген «Алақай — балақай» командасы мен «Сарыағаш құрамасы» иеленді. Телевизиялық лигалардың үздік командалары өнер көрсетіп, көрермендерді салмақты әзілмен күлдірте алды.

Жазғы фестивальге Талдықорғаннан «Асар» тобы арнайы шақыртумен келіп, көрермендерге «Өнерге құштар адам өмірге де құштар» екендігін ұғындырды. Бұл жолы тәжірибелі топтарға қарағанда енді ғана Жайдарманда орнығып келе жатқан топтарға артықшылық берілді. Бұл туралы қазылар алқасы да атап өтті.

Ойынға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенұлы, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым, тележүргізуші Берік Уәли және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов болып, бағасын берді.

Жайдарманшылар әлемдегі және елдегі барлық жаңалықтардан хабардар, жан-жақты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әр командада да астарлы әзіл, өткір сын болғаны рас. Бұл – Жайдарманның жоғары белеске шыққандығынының көрінісі. Күлкі әлеміне сапар шеккен әрбір көрермен қазіргі басты тақырыптардан да хабардар болып қайтты.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...