Жайдарманшылар арасындағы футбол қорытындысы

Республикалық Бірінші лиганың алғашқы ойынына орай МЕГА ФУТБОЛ ұйымдастырылғанын айтқан едік. Алматы қаласында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы филиалының ұйымдастыруымен Қазақтың Спорт және Туризм академиясының қолдауымен өткен ойынға барлығы 12 команда қатысты: «Шымбұлақ», «Қарғалы», «Трамплин», «Метро», «Қайрат», «Көктөбе», «Верный», «Алатау», «Медеу», «Алма Арасан», «Сайран» және «Айнабұлақ».  Әр команданың құрамы жай ғана жайдарманшылар. Футболға сүйіспеншілігі  зор жігіттер бірігіп, жеңімпаз кубогы таласқан болатын. Нәтижесінде,  III орын —  Алма Арасан, II орын — Верный, I орын — Шымбұлақ. Жүлделі орын иегерлерін құттықтап, оқырмандарымызға арнайы дайындалған сюжетті тамашалауға кеңес береміз))

https://www.youtube.com/watch?v=teyvC2B7vNg

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...