Бөлісу

«Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған «Астана қалалық фестивалі»


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен 6 қараша күні Астана қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті. «Астана қалалық фестивалі» деп аталған бұл ойынға елорданың жоғары оқу орындарынан 16 команда қатысты.
«Тоныкөк», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
«Тұран», Тұран-Астана университеті
«Элита РК», Қаржы полициясы академиясы
«Сабыр», Қаржы академиясы
«Айналайын», еркін құрама
«Тарихта бар», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
«Жібек жолы», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
«Эконом», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
«Аграрка жастары», С.Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университеті
«Арнайы», Қазақ технология және бизнес университеті
«Елорда», еркін құрама

Ойын нәтижесінде бас жүлдеге «Тоныкөк», II орынды «Аграрка жастары» және III орынды «Сабыр» жайдарман топтары иеленді.

Пікір қалдыру