-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
«Жастар» жазғы фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды
Халықаралық жастар күніне арналған «Жастар» республикалық жазғы фестивалі ресми түрде 9 тамыз күні басталады. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға биыл 75 команда тіркелді. Айта кету керек, бұл көрсеткіш былтырғысынан әлдеқайда көп. Тіркеу әлі де жүргізіліп жатқандықтан, командалар саны арта түсуі мүмкін.
«Жастар» республикалық жазғы фестивалі — тек жайдарман ойындары ғана емес, түрлі мәдени-спорттық шараларға толы арнайы жоба. Онда түрлі ойындар өткізіліп, қызықты экскурсиялар, ардагер жайдарманшылардың мастер-кластары мен семинар-тренингтер жасалады.
Жазғы фестивальдің екінші күні жайдарманшылар арасында «J-improvize» импровизация кеші ұйымдастырылмақ. Фестиваль аясында «Жазғы кубок» ойнатылады.
Сонымен қатар, 11 тамыз күні жайдарман жігіттерінің мықтыларын іріктеп, қазақша күрестен «Жайдарман барысы» анықталады.
9 тамыз күні тіркеу жұмыстарымен қатар, редакторлық жұмыстар да бастау алады. Осылармен қатар, «Қазақстан КВН Одағы» Президентімен, редакторларымен, авторлық құрамымен және белгілі тележүргізуші Маралбек Сағынғановпен семинар-тренингтер өткізіледі.
12 тамыз күні фестиваль қорытындыланып, кешкі сағат 18:00-де «Қазмедиа» орталығында «Гала-концерт» өткізіледі.