Бөлісу

«Жастар жазғы фестивалі» өтеді

Ағымдағы жылдың  мамыр айында Жайдарман  Қазақстан  Республикасы ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі мен  азаматтық  бастамаларды  қолдау орталығының  грантына ие  болды. «Жастар арасында мемлекеттік тілді  насихаттау»   грантының  аясында екі  ойын  өткізілу керек болған. Алғашқы жоба ретінде 15 маусымда  Нұр-Сұлтан  қаласында  «Астана кубогі» республикалық арнайы  жобасы өткен болатын.

Грант  бойынша  екінші жоба  ретінде  халықаралық  Жастар  күні қарсаңында «Жастар  жазғы фестивалі» өтеді  деп жоспарлануда. Фестивалге  еліміздің барлық  өңірлерінен  командалар  қатысатын  болады. Ойынның  өту  уақыты алдын  ала  хабарланады.

Пікір қалдыру