Жастар сарайында жайдары жандар бас қосты…

2015 жылғы 3, 4, 5 сәуір күндері Астана қаласы Жастар сарайында Республикалық Премьер лига 1/8 финалының ойындары өтті. 24 команда үш топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті.

Ойын тақырыбы – «Тарих толқынында». Сайыс барысында командалар сәлемдесу, бес әзіл және көрініс сайысы бойынша жарысты.

3 сәуір күні – «Арал құрамасы», «МПТК.кз», «Номад құрамасы», «Тараз – Астана», «Бизнесмендер»,  «Қостанай құрамасы», «Феномен», «Достар» командалары, 4 сәуір күні – «Грант», «Өскемен қаласының құрамасы», «Байдың балалары», «Инженерлер», «Үш жүз», «Боранқұл», «Қорқыт жастары», «Қатыныс жолдары институнының құрамасы»,  5 сәуір күні – «Жәке», «Фемида», «Жаңаөзен жастар құрамасы», «Жұлдызды жігіттер», «Рахмет», «Оныншы пленета тұрғындары», «Тұран-Астана» және «Есте қалар» командалары өнер көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша «Номад құрамасы», «Рахмет», «Жаңаөзен жастар құрамасы», «Қатыныс жолдары институнының құрамасы»,  «Байдың балалары», «Арал құрамасы», Жұлдызды жігіттер»,  «МПТК.кз», «Фемида», «Инженерлер», «Грант», «Өскемен қаласының құрамасы», «Боранқұл», «Үш жүз», «Достар», «Феномен», «Тұран-Астана», «Оныншы пленета тұрғындары» командалары қазылар алқасының шешімімен келесі ойынға жолдама алды. Аталған командалар Республикалық Премьер лига ойындарының 1/4 финалында сайысқа түсетін болады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...