-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
«Жасыбай толқыны 2014» жазғы фестивалі
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалі биыл да ұйымдастырылмақ. 16 тамыз күніне жоспарлануда. Әдеттегідей, республикалық жоғары және премьер лиганың беделді командалары сайысқа түсетін болады. Былтырғы фестивальде «Демеушіміз Болашақ» жайдарман тобы шеберлік класс көрсетсе, биыл кезек «Күлтегінде». Командалар тізімі нақтыланғаннан кейін жарияланады.
«Жайдарман» сайысымен қатар «Жайдарман» мектебі де ұйымдастырылады. 15 тамыз күні белгілі жайдарманшылардың, Қазақстан КВН Одағының редакторларының және Президентінің қатысуымен семинар-тренингтер мен арнайы сабақтар өткізілмек. «Қатысамын» деушілердің director@jaidarman.kz электронды поштасына өз өтініштерін жіберулері сұралады.
Фестиваль Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан Жасыбай көлінің жағасында өтеді. Баршаңызды табиғаты көркем Жасыбайға демалуға және «Жасыбай толқынының» көрермені болуға шақырамыз!