Бөлісу

Жаңарған «Жаңа» маусым жақсылыққа жақын

IMG_0323gg

Жаңарған «Жаңа» маусымның жақсылыққа толы болатынына барлық жайдарманшы жастар кәміл сенімді. Тарихта қалған «Тарих» маусымының сәттілікке толы болып, сайыстар барысында өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білген командалар тиісті марапатқа лайық болды. Ал, алдағы уақытта әр сәт сәттілікке толы болсын деген ниетпен, жағымды жаңалыққа толы жеңісті сәттерге куәгер боламыз деген айқын мақсатпен командалар жинақталуда. Маусымның маңызды сәтінің бірі саналар маусымашарға республиканың әр өңірінен тәжірибелері әр алуан жайдарман топтары жиналуда. Әр команданың әр ойыншысының бойынан үлкен үміт пен нәтижелі еңбектің сарынын күтетінін аңғаруға болады.

Сонымен, «Жаңару» маусымының алғашқы күні Астанаға ат басын бұрған командаларды тіркеуден бастау алды. Таңғы сағат 09.00 ден 18.00 ге дейін жалғасын тапқан тіркеу жұмыстары сәтті аяқталды. Сондай-ақ, маусымның алғашқы күні командалардың реттік санын анықтау мақсатында ұйымдастырылған «жеребе» тарту бөлімі де ойдағыдай жүзеге асты. Жалпы жиналыс барысында маусымашардың директоры қызметіне Қанат Досмағанбетов есімді азаматтың тағайындалғанын көпшілік алдында жариялағанын да айта кеткен жөн болар.

Маусымның берекеге толы болған алғашқы күні жалғасын тапқанын құптаған жұртшылық әр күнге сәттілік тілеуден жалықпайды. Алда сәтті жоспарлар күтілуде. Қатысушы командаларға сәттілік!

Пікір қалдыру