Бөлісу

Жаңа жылдарыңызбен!

Қымбатты жайдарман сүйер достар және жайдарманшылар, баршаңызды кіріп келген жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршамыз үшін қуанышты да жеңісті сәттерге толы болған 2015 жыл бойы «Жайдарманмен» бірге болғаныңыз үшін алғысымыз шексіз! Келіп жеткен жаңа 2016 жылмен құттықтап, Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілейміз. 
«Тарих маусымындағы» Сізбен өткен әрбір сәт «Жайдарман» тарихында мәңгі қалатын болады. Өткен жыл өкінішсіз өтті деген сенімдеміз. Жаңа маусымда да Сіздің «Жайдарман» жанынан табыларыңызға күмән жоқ. Ендеше сіз бен біздің байланысымыз одан әрмен нығайып, «Жайдарманның» бағындырған биік белестерін бірге тамашалайық дегіміз келеді.
Жаңа жылда өміріңізде жағымды жаңалықтар болып, жаңа табыстарға жете беріңіз!
Сіз үшін жаңа 2016 жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын құтты жыл болсын!

Пікір қалдыру