Жаңа маусым атауы – «Жарасым» маусымы

Жайдарманның «Шабытты маусым» чемпионы анықталды, «Үздік ойыншысы» мадақталды.

Енді өзге командаларға жаңа мүмкіндіктер ашылатын, биік белестерді бағындыратын, өткір әзілдерімен, ұшқыр ойларымен, мінсіз тапқырлығымен елге танылатын, өздерін мойындататын уақыт та келді.

Жаңа маусым атауы – «Жарасым» маусымы. Бұл маусым атауының мәнін, көрерменге сыйлар жаңалықтарын, өзіндік ерекшелігін маусым бойы тамашалап, бірге анықтайтын боламыз. «Жарасым» маусымында кімнің сәттілігі мен еңбегі, тапқырылығы мен әзілі, алғырлығы мен әртістігі жарасатынына, ал кімнің бағы жанып, жұлдыз атанатынына бәріміз куә болмақпыз.

Жайдарманда тәжірибесі бар командалар көрермендерді енді қалай қызықтырмақ? Бұл жолы елді аузына қаратып, таң қалдыра ала ма?

Ал жаңа топтар Жайдарман әлеміне сүңгіп кетіп, бірден жарқ етіп жана ма екен? Әлде біртіндеп үйреніп, көрерменмен бірге өсіп-өне ме екен?

Сан сауалдың жауабын алар сәт те жақындап келеді. Асыға күткен жаңа «Жарасым» маусымының жаңалығы көп, берері мол, қуантары сөзсіз.

Айта кетейік, «Маусымашар-2018» фестиваліне командаларға онлайн тіркелу әлі де жүргізіліп жатыр. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен жүздеген командалар тіркеліп үлгерді. Сіздің де «Маусымашар-2018» фестиваліне онлайн тіркеліп, бұл тізімде болуыңызға, өз командаңыздың таланты мен өнерін көрсетіп, бақтарыңызды сынап көрулеріңізге әлі де мүмкіндігіңіз бар.

Онлайн тіркелуге бәріне белгілі, Жайдарманда өз орындарын тапқан командалар да, жаңа да болса, болашағынан зор үміт күттіретін топтар да қатысып жатыр.
Астана қаласында «Маусымашар-2018» фестивалінің дайындық, тіркеу, редакторлық жұмыстары  5-8 ақпан күндері «Қазмедиа орталығында» өтеді.
Ал гала-концерт 9-10 ақпан күндері алғаш рет «Бейбітшілік және келісім сарайында» беріледі.

Олай болса, жаңа «Жарасым» маусымының шымылдығын бірге ашайық, жайдармансүйер достар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...