«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 6-маусым күні Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» гала-концерті өтті. Еліміздегі індетке байланысты гала-концертке әр аймақтың ең үздік 12 командасы қатысып, жаңа “Өзгеріс” маусымының шымылдығы ашылды.
![](https://jaidarman.kz/wp-content/uploads/2021/09/ггб-1024x690.jpg)