Жетісай «Жайдарман» филиалы жайлы не білеміз?

Көптің айтуы бойынша, өткен 2014 жылда Республикалық Премьер лиганың ғана емес, жалпы Жайдарманның жаңалығы болған команда  — «Сырдария» құрамасы. Әдетте, баланың жетістігі – ата-анасының арқасы, шәкірттің жетістігі —  ұстаздың еңбегі болып саналмай ма?! Сондықтан, «Сырдарияның»  сыры неде деп үңілдік. Айтатын әңгіме «Қазақстан КВН одағы»  Мақтаарал аудандық филиалы жайлы толық мәлімет.

  • Филиал өкілі – Сүндет КЕНЖЕБАЕВ

wbLun_xytGo

 

  • Аудандық «Жайдарман» ойындарын «Сырдария» құрамасының капитаны – Марат  СӘРСЕНБАЕВ жүргізеді

WNJYbOjSm6w

 

  • Ауданда бір жылда 50-ге тарта ойын өткізіледі
  • Аудан бойынша 24 ауылдық округ , 125 мектеп, 8 колледж, 1 университет бар.
  • Кестеге сәйкес, а/о әкімінің кубогы өтеді
  • Ауданда мемлекеттік қызметкерлер (қала, кент, ауылдық округ, әкімшілік аппараттары) арасында арнайы чемпионат бар.
  • Аудандық «Жайдарман» ойындарына қолдау көрсететін – «Жас Отан» жқ; Мақтаарал ауданы әкімі аппараты; Аудандық білім бөлімі;
  • Ауданда жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен мектеп арасында чемпионат  үш  жерде өтеді. Ол, аудан орталығы  — Жетісай қаласы,  Атакент кенті өңірі және Асықата кенті өңірі.
  • Жоғарыда аталған үш өңір бойынша 100-ден аса команда ойын көрсетеді.
  • Қыркүйек айында өткен «Маусымашар-2015» ойындарына 100-ге жуық команда қатысты.
  • Аудандық жартылай финал ақпан айында өтеді.

-BzyojlY9Po

 

 

GjrMQWxTZzk

Еліміз бойынша  халық саны тұрғысынан ең тығыз, үлкен аудандардың бірінде болып жатқан қызу тіршіліктің бір бөлігі осындай. Теңіз тамшыдан құралатынын ескерсек, Жетісайлықтардың «Жайдарманға» қосқан жақсы үлесі мол шығар. Еңбектеріңіз ақталып, жемісін бергей! Сахнаның үлкен-кішісі жоқ, ендеше, осы аудандық сахнадан  республикаға танымал жайдары жұлдыздар шығуына тілектеспіз!  Жаңа жыл, жаңа маусымда жетістіктер көп болсын!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...