Бөлісу

Жоғары лига. Алғашқы кезең. Кешіккен есеп.

Ойын өтті. 1/8 ді айтамын. У-шу басылды. Кешіккен қортындылар да шықты. Резерв түгенделді. Осы мен ғана ғой деймін ойын туралы «бес тиынын» саудаламаған…

Оған себеп бар. Дәлірек айтсам себептер. Кәдімгі дей «аут» жағдайда отырдым. Ойымды жинақтай алмай. Кешіріңіздер, бірақ менің қарапайым логикам қазылардың қазылығын қабылдай алмады. Жә, барлығын кезегімен…
Бірінші топ өте мықты. Мықтының ықтылары өткен соң обалға ұшыраған командалар болды. Әжептәуір дамыған Павлодар. басқа қырынан танылған «Абзал жандар». «Күлтегін» жайлы айту қиын. Қазылар тапынан жоғары ұпайға ие болған көрінісінде көпшілік, жұмсақ айтқанда, телефонмен жеке шаруаларын тындырып алды. Әрине, өтпегендер үздіктерден сәл де болсын төмен болды. Қатаң топқа түскен бақтары шаппады. Бір қарағанда барлығы логикаға сай еді…
… Екінші топ та қисынды қазылық көрді. Мүкіндігін пайдала алмаған «Аграрка», прогресстен көрі регресске жақын Қостанай, дамуы бір орнында тұрып қалған «ЖасНар». Аяқ астынан шақыру алып, соңына дейін тұяқ серпіген «Аграрка» болмаса» қалған екі командадан жеңіске деген ынта байқамадық. Сүреңсіз ойын деп бағаладық…
… Сүйтсек қуырдақтың көкесі үшінші топта күтіп тұр екен. Өзімше іштей болжам жасап, сын айтуыма көмектесіп жүретін логикам залдағы қызметші қыздардың қарсылығына қарамай сәлемдесу ұпайларын көтерген соң үйге кетіп қалды. Әрине, үш команданың ары өткені дұрыс. Бірақ бұл үшеуі мықты дегенді емес, басқа ешкім жоқ деген принциппен өтуі керек еді. Бірақ ұпайлар… күмілжітті…
Төртінші топтың ойынынан көрі резервпен кімдер өтетінін білгіміз келді. «Алғабасардың» астарлы әзілдерін қазылардың қабылдамауы, «Әдемінің» керемет бес жаңалығының бағаланбауы, «Абай даңғылының» обалына асыра бағаланған «Байланыс жігіттерінің» қалуы. Бұның барлығы келесі ойындарға логикамды апармаймын деген шешімге әкелді.
Резерв… Бұл енді… Былтырғы жолы болмаған кезде жас команда деп өткізген «ЖасНар» биыл ерлігін тағы қайталады. Дәлірек айтсақ қайталауға қазылар иүикіндік берді. Жоғары лигада өз күшімен көрі қазылар күшімен келесі турларға өтіп отырған «Тек қана қыздар» да ширек финалда. Ия, мүмкін «Күлтегін» бір қисынға келер. Тек «Абай даңғылы» шыққаны адекватты шешімнен хабар береді. «Алғабасар» мен «Аграрканың» Президент шешімімен соңынан өткенін оқығанда орнымнан тұрып қол соқтым. Қуанышты…
Жалпы ойын туралы: Өсу бар. Даму бар. Топтарда. Жекелеген ойыншыларда. Жалпы тікелей жолдама алған топтардың да еңбегі үлкен. Біреуді асыра бағалады, біреуді кемітті, бірақ өткендері дұрыс. Тойдың қызығын құртқан резерв мәселесі болды…
Өмір жалғасады, алда маусым бар. Қатты айтты ренжімеңіздер, «дос жылатып айтады». Үй айнала күңкілдеп кеткеннен осы жер бөліскенді дұрыс көрдім. Жақында эфир, өздеріңіз бағалай жатарсыздар…

ПыСы. Ана сурет бөтен, менде бары осы ғана екен))))

Алмас (Көзілдірік) Тоқабаев

Пікір қалдыру