Бөлісу

Жоғары лига. Жартылай финал. Долбар мен болжам.

…Әлқисса, Жоғары лиганың шешуші кезеңі келе жатыр. Сәуегейлер көп. Болжам одан да көп. Бәріне пысқырып қарамайтын топтар дайындалып жатыр. Түскі үзілісті пайдаланып, бір түртіп тастайын…
Жартылай финал сайыстары:
— Сәлемдесу
— Қоссайыс
— Көрініс

Бірінші топ бойынша:
«Тек қана қыздар!» Мереке және оның достары. Шамалары жартылай финал. Осымен маусымды аяқтайды ау. Қыздардың ойыны, әзілі болғанымен темп жағынан жігіттерге ілесе алмай қалады ау. 3 сайыстың барлығында да ең төменгі ұпай жинайтын аутсайдер деген баға қоямын. Ұпайы мөлшермен 7.5

«Сағыз құрамасы» Премьер лиганың өкілдері. Жарқын өкілдері. Сәлемдесу мен қоссайыста таласып бағады. Көріністен қате жіберсе Қызылқоға ауданының тарихындағы жартылай финалға жеткен алғашқы топ болып қалады. Дегенмен финалдан көре алмай тұрмын. Ұпай мөлшері: 8.8

«Қорқыт құрамасы» мен «Назар аудар». Негізі екеуін қосса керемет топ шығар еді. Қорқыт сәлемдесуден алдына жан салмай келіп, көріністен үнемі сүрінеді. «Назар аудар» керісінше сәлемдесуді созып бастап, көріністі «жарып» кетеді. Екеуінің де ұпай саны шамамен 9.0 немесе 9.4. Екінші жолдамаға таласатын анық осылар.

Топтың сөзсіз фавориті «ҚазҰУ құрамасы». Мүмкін болатын 10 ұпайдың кемінде 9.8 ін алып кетеді. Мен үшінпәшти финалда тұр. Ертең сахнаға шығып ойнау деген кішкене формальность қалды:)

Екінші топ бойынша:
Барлығы бірінші күннің топтары мықты деген болжам айтады. Бірақ ол жерде фавориттер белгілі сияқты. Ал екінші күні шығатын 5 топтың біреуі Жоғары, біреуі Премьер лига чемпионы, екеуі екі мәрте Жоғары лига финалистері екенін ескерсек автоматты түрде аутсайдер «Демеушіміз Болашақ» шыға келетін сияқты:) Ал Нұрболхан мен қыздардың қарымын бәріңіз білесіздер. Демек… Тіпті әшки тағатын менің басым кетті. Бұл жерде барлығын шешетін қоссайыс болмақ. «Альянс» пен«ЖасНарға» өте қиын. Егер «Демеушіміз Болашақ» пен «Барыстар» көрініске назар салмаса, алғашқы екі сайыста жинаған ұпайлары текке кетеді. «Арал Ас» үшін сәлемдесу жанды жер. Ал толық құрмаммен жиналса ұпай жоғалтпайтындары анық.

«Күлкі терапиясы»…. Олар туралы құмалағым түспей жатыр… Самат пен «туыстарына» елдің бәрін «Ах! Ох! Лібә!» дегізетін бірнәрсе әкелмесе жағдайлары қиындау…

Пікір қалдыру