Жоғары лига 1/ 8 финалының алғашқы ойындары

Жаңа маусымды бастап, «Маусымашар» фестивалін өткізіп қойғалы бір айдай өтті. Енді алғашқы ойындарға кезек келді.  Бірінші ойын Жоғары лиганың 1/8 финалдық  сайыстары екен. «Маусымашар 2016» фестивалінің қорытындысы бойынша республикалық Жоғары лигаға 40 команда іріктегенін  айтқанбыз, естеріңізде болар. Команда саны әдеттегіден көп болғандықтан, оларды топтастырып 8 топқа бөлдік. Алдынғы  топтың ойындары болып қойды.  Осы ойындар туралы  толығырақ…

27 ақпан күні 15:00-де алғашқы бестік «Еркін сайыс» және «Әзіл бәйге» бойынша сайысты:  «Қармақшы құрамасы», «ҚЖУ құрамасы», «Өскемен құрамасы», «Құрдастар»,  «Аялдама»  топтары.   Ойын өз деңгейінде өтті, яғни жоғары. Бастысы көрермен риза. Қазылар құрамында: қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, ардагер жайдарманшы Максим Рожин, танымал кино және таетр актері Әділ Ахметов, ардагер жайдарманшы, республикалық Премьер лиганың «Әдебиет» және «Тарих» маусымдары бойынша тұрақты қазысы  Алдан Жылгелді және танымал тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы.

 

Ширек финалға тікелей жолдама алғандар: «Қармақшы құрамасы», «ҚЖУ құрамасы»; резервтегілер  «Өскемен құрамасы», «Құрдастар»,  «Аялдама».  Бұл ойын эфирден наурыздың соңында көрсетіледі.

Дәл осы күні кешкі сағат 19:00-де 2-ші топтың командалары ойнады.
Құрамында: «Позитифф», Фемида», «Болашақ VIP», «АИГИ құрамасы», «АТУ құрамасы» .  Қазылар құрамы  алдынғы ойындағыдай, тек  Әділ Ахметов орнында сүйікті жайдарманшыларыңыз Ғазиз Ерболат.

Осы қазылар бағалауының қорытындысы бойынша ширек финалға  «ПозитиФФ» және «»Фемида» тікелей жолдама алды, ал «Болашақ VIP», «АИГИ құрамасы», «АТУ құрамасы» командалары резервте.

Айтпақшы, әзіл бәйгеде оқылатын әр әзілге алдын-ала тақырып беріліп, сол бойынша бағаланды. Тақырыптар: еркін тақырып, ауыл, мәдениет, спорт, әзіл әуен.

28 ақпан 15:00-де 3 топтың ойыны басталып кетті. Қатысатындар: «Шымкент жастар құрамасы», «Үш жүз»,  «10-планета тұрғындары»,  «Энерго», «Достар».

Қазылар алқасы тұрақты. Жаңа қазы тек танымал әнші Айгүл Иманбаева. 

Ойын қорытындысы: «Шымкент жастар құрамасы» мен «Үш жүз» тікелей ширек финалда, ««10-планета тұрғындары»,  «Энерго», «Достар» әзірге резервте тұр.

Айта кететіні 1/8 финалдық сайыста жаңа айдар қосылды.  «Сағындырған әзілдер». Атауынан-ақ белгілі, көрермен  сағынған командалар ойнады, сіз сағынған әзілдерді. 27-ақпан «Альянс» ойнаса,  28-і күнгі ойындарда «Назар аудар» болды.

Кешке сағат 19:00-де 4-топ командаларының сайыстарын бастадық.

«ЕҰУ құрамасы», «ЖасStar», «Шу — Чу», «Таң қалмаңыз» және «Павлодар жастар құрамасы» өзара  тартысты «шайқасты». Алайда, озық шыққандар «Таң қалмаңыз» бен «Шу Чу».  Ал, «ЕҰУ құрамасы», «ЖасStar» мен «Павлодар жастар құрамасы» қанша жақсы ойнаса да, әзірге резервте.  Резервтегі командалар арасынан қаншасын және қайсылары ширек финалға қосымша алынатыны 6-наурыз күні өтетін ойыннан  кейін белгілі болмақ. Алдағы демалыс күндері яғни 5-6 наурыз күндері 1/8 финалдық сайыстардың жалғасы. Барша жайдармансүйер жандарды күтеміз.  Ақпарат төмендегі афишада:

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...