-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
ЖОҒАРЫ ЛИГА 1/8 ФИНАЛЫНЫҢ IV ТОП ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ
Сонымен бүгін Жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстары аяқталып, ширек финалға шыққан барық команда анықталды. Ал біз әдеттегідей бүгін өнер өрсеткен командаларға тоқталып өтсек.
Алматылық «АТУ» өз деңгейінде өнер көрсетті. «Сәлемдесуі» де, «Көрінісі» де. Ал «Жамбы ату» қиын тигені рас. Соңғы орын алуына сол да әсер еткен сияқты. Десе де «пешенесіне жазылғаны» сол болса амал не?!
Маңғыстаулық «Боранқұл» бүгін өз ойын өрнегін көрсете алмаған секілді. Барлық сайыста да. Әйтпесе бұлардың потенциалы бұдан да жоғары екеніне күмән жоқ. Дегенмен резервпен өтті. Алда жақсы ойын көрсетер деп сенеміз.
Семейлік «Элемент» оқыс әрекет, оқыс әзілдерімен ерекшеленіп келеді. Бүгінгі ойында да бағытынан таймады. Онысы көрермен көңілінен шыққанмен, қазылар көңілінен шықпаған секілді. Ал «Жамбы атуда» өте жақсы өнер көрсетті. Дәл осы қарқынан таймаса, ұзаққа барар түрі бар. Тек әзілдеріне салмақ қосса деген тілек бар.
Астаналық «Тұран» өте жақсы өнер көрсетті. Әзілдері де салмақты, әрі қуақы. «Сәлемдесуі» де, «Көрінісі» көңілден шықты. Әсіресе соңғы сайыстағы өнері бүгінгі үздік «Көрініс» десек, өзгелер де келісер.
Шымкенттік «Байдың балалары» әдетінде жоғары ұпай алуға ғана келді. Дегенмен тым сенімді болып, келер ойынға қалдырды ма, деңгейіне сай болмады. Әлде көп күтіп қойдық па?! Айтпақшы «Жамбы атудың» стилін өзгерту керек сияқты. Әйтпесе жансызды сөйлете беретін шаблон ұзаққа апармайды.
Сонымен бар ой осы. Ал жалпы ойын жақсы өтті. Ақпарат министрі Дәурен Абаев пен Қазақстан корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің келуі де ойынның деңгейін арттырғандар болды. Сонымен қатар, «Халық Қаһарманы», қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те құрметті қонақ ретінде келген болатын.