Бөлісу

Жоғары лига. 1/8 финал. 27 ақпан|CУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

«Жаңару маусымы»  республикалық Жоғары лига үшін 1/8 финалдық сайыстармен 27 ақпан күні басталды.  Сахна сыртындағы және сахнадағы қызықты сәттермен бөлісейін дедік.

Парад-аллеге дайындық:(Суретте бірінші топтың командалары, алдынғы қатарда Жарқын Қалибеков (Өскемен құрамасы), Бауыржан Салайдін (Қармақшы құрамасы) және Нұрлан Сипанов (Аялдама)).

Соңғы редакторлық «штрихтардың» бірі(Суретте Бақытжан Әлкебаев «Құрдастар» және редакторлар Рүстем Елжанов пен Бекзат Дүйсенов).

Сахнадан да, теледидардан да бәрі әдемі әрі әрлі
(Суретте Бауыржан Назаров «ҚЖУ құрамасы»  және визажист гример Гүлмира Нұрымова) .

Ойын басталмас бұрын шығыстың жайдарманшылары көрісіп, бір марқайып, суретке түсіп…

Ойын бастадық. Жаңалық  пен жаңашылдық өте көп. Декорация жаңа. Әнұран жаңа. Командалар жаңа. Басқа да жаңа нәрсе жетерлік, эфирден көресіздер ғой;))

«Өскемен құрамасы» дайындық аз болса да, келесі турға өтті. Мүмкін шеберліктің арқасы, мүмкін жолдары болды))

Ойын үстінде Есен аға Нұрбекті бір жұмсап қалып…))Бірінші лиганың былтырғы чемпиондары «Аялдама» жайдарман тобы өнер көрсетті, алайда қарсыластардың мысы басым болып шықты. 

Ал, «Құрдастар» бас қосып, әндетіп алғаны бар.

Сәтті өнер көрсеткендер қатарында «Қармақшы құрамасы».

Әзіл бәйге биыл өзгеше, әр оқылатын тақырып берілді: еркін тақырып, ауыл, мәдениет, спорт, әзіл әуен. Бұл сайыста үздігі «Қатынас жолдары университетінің құрамасы».

«Сағындырған әзілдер» айдарында «Альянс».
(Суретте Алмат Сабыржанов пен Қуаныш Тұрсынғалиев)

Осылай алғашқы сеанс аяқталып,  бірінші топтың командалары залдағы көрермендері қатарына қосылды да екінші топ сахнаға жүгірді. Бұл аралықта ұйымдастыру алқасының аздаған «жөндеу» жұмыстарынан соң,

екінші ойын басталды. 

Алғашқы команда телевизиялық лигада алғаш рет «АИГИ құрамасы». Таң қалдырды, таңдандырды, есте қалды. 

«АТУ құрамасы» да биыл Жоғары лигада бірінші рет болса да, сәтті өнер көрсетті. Алайда, қарсыластардың бағы мен бапы озық шапты. 

«Тұңғыш астана» командасы белгілі бір жеке себептеріне байланысты сайысқа қатыса алмайтынын хабарлағаннан кейін Қызғызстан Республикасы Бішкек қаласы «Тамашоу» лигасынан келген «ПозитиФФ» командасы шақырылды.

Қарағандының үздік командаларының бірегейі «Болашақ VIP» күйлер топтамасымен ерекшеленді)

Бұдан да ерекше болғаны әскерде жүрген Есеттің «Жайдарманға» келуі. 

Барлық командалар «еркін сайыс» бойынша өнерлерін көрсетіп болған, «әзіл бәйге» ойнауға кірісті. Ең ерекше есте қалғаны қырғыз жайдарманшылардың  қазақша  әзілдері.

Кейін ойынды тәмәмдап, қазылар бағасын беріп,  шақырылған қонақтар өнерлерін көрсетіп,

күнделік түсіріліп, көрермендермен ертеңге дейін қоштасып, біз де қайттық))

 

Пікір қалдыру