Жоғарғы лига. Жартылай финал. Бірінші топ | Онлайн репортаж

Ұлттық құрама

«ҚазҰУ құрамасы», Алматы
Демеушіміз Болашақ
«Демеушіміз Болашақ», Астана
ЖасНАР
«ЖасНАР», Алматы
Аграрка сарбаздары
«Аграрка сарбаздары», Астана
Күлкі терапиясы
«Күлкі терапиясы», Қарағанды
 деген командалар ойнап, арасынан екі үздік таңдалатын күн бүгін. Республикалық Жоғары лиганың бірінші жартылай финалы. Ойын кешкі жетіде. Әзірше дайындық)) Қазір сағат 10:30-да басты дайындық (ген.прогон). Командаларға сәттілік)

Бастадық!
Қазылар алқасы құрамында Рүстем Елжанов, Максим Николаев, Нұрлан Сыдықов, Әділ Ахметов, Марат Достаев.

Сәлемдесу.
Алғашқы шыққан «Жаснар». Радиодан тыңдалатын футбол; мен әңгімелесу; Мұқағали Мақатаевтың жұбайы қызғанған кездері деген секілді әзілдері халықты біраз қыздырды. Әдеттегідей соңындағы классика өте әдемі.
Аграрка сарбаздары. Максим сері бұл ойынға да келді. Қазақ поэзиясынан керемет өлеңдер оқып кетті. Команданың әзілдері бұрынғыдан ерекше әрі жоғары деңгейде секілді. Соңында Максимнен бата!
Күлкі терапиясы. Тақырыпты ашуға тырысқандай. Күлдік кей кездері. Соңында команда мүшелерін жануарларға теңеді. Әдемі болды-ау сол жері.
Демеушіміз Болашақ. Құдалық. Бүгінгі аман-есен құдалардв аттандырдық. Тағы бір жаңалық. Енді екінші қызға құда түсіп келді. Жай жандар емес, әскери жандар. Байланыс жігіттері Мерекені айттырып келді.
ҚазҰУ құрамасы. Бекзат тек командадағыларға ғана емес басқаларға тиісе бастады. Қазылар алқасына)) Ол жай нәрсе боп қалды, командадағы Дәмірдің аспаннан түскенінің жанында. Түсті дегенде соңына дейін емес. Орта жолда техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалады. Енді әрі қарай әзілдердің барлығы осы жоғарыда тұрған Дәмірге қатысты. Мұндай бұрын «Жайдарманда» болмаған, ешкім күтпеген де. Тамаша!
Сәлемдесу бойынша ұпай сандары:
Жаснар 4,4
Аграрка сарбаздары 4,6
Күлкі терапиясы 4,4
Демеушіміз Болашақ 4,4
Ұлттық құрама 4,8

Жамбы ату
Жаснар 0,6
Демеушіміз Болашақ 0,7
Ұлттық құрама 0,8
Аграрка сарбаздары 0.9
Күлкі терапиясы 1

Бір әуен аясында: «Өлеңге салған бір өрнек»
Аграрка сарбаздары. Патриоттық сарындағы «Тамаша» ән.
ҚазҰУ құрамасы. Сүйікті ойын «Жайдарман» туралы рэп.
Жаснар. Балалық шақ туралы. Бимен сүйемелдеу де бар.
Күлкі терапиясы. Бәкенің ұлына арнау. Қазақ тілі туралы.
Демеушіміз Болашақ. Астана қаласына арнау.
«Бір әуен аясында» сайысы бойынша ұпай сандары:
Аграрка сарбаздары 44433 3,6
Жаснар 13334 2,8
Күлкі терапиясы 44442 3,6
Демеушіміз Болашақ 24444 3,6
ҚазҰУ 34444 3,8

Үй тапсырмасы:
Күлкі терапиясы. Мейрамхана. Жай мейрамхана емес, әдеби мейрамхана. Тапрысыс бергенде поэзияның түр-түріне тапсырыс беруге мүмкіншілік бар.
Аграрка сарбаздары. Өздерінің дайындық кезіндегі қызықтардан. Соңы патриоттық нотада. Қызық негізі)
Демеушіміз Болашақ. Ауылдағы кештердің бірі. Сәкіде ұйықтайын деп жатқан бір үйдің балалары.
Жаснар. Ғаламтор арқылы танысқан қызын үйіне шақырған жігіт. Қыз құрбысымен келеді. Қыздардың бірі сұлу, екіншісі біз ойлағандай емес.
Ұлттық құрама. Пәтерді жалға алып жатқан жігіттердің оқиғасы. Пәтерақы арзанырақ шықсын деп бұлар тағы адам іздестіреді. Үлкен кісі тауып, алайда ол алаяқ боп шығады. Достар ол кісіден кері құтылудың амалын жасайды.
Үй тапсырмасы бойынша ұпай сандары:
Жаснар 55565 5,2
Аграрка сарбаздары 34565 4,6
Күлкі терапиясы 44555 4,6
Демеушіміз Болашақ 35565 4,8
ҚазҰУ құрамасы 65666 5,8
Сайыс қорытындысы:
Жаснар 13
Демеушіміз Болашақ 13,5
Тікелей финалға жолдама алғандар:
Күлкі терапиясы 13,6
Aграрка сарбаздары 13,7
Ұлттық құрама 15,2

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...