Бөлісу

ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫСЫ

Өздеріңізбен ортаға салып, талқылауларыңызға тастаған «Жоғары лига ойындарындағы халықтың ең сүйікті ойыншысы кім?» деген тақырыпта сауалнаманың  нәтижесі 29.11.2014 жылы аяқталатынын хабарлағанбыз.  Қызу талас болды. Берген дауыс пен жазылған пікірден ыстық ықыластарыңыздың лебі келді. Дауыс беру жылдамдығы бір минут та тоқтаған жоқ. Бар жанарды жаулаған Жайдарманның жанкүйерлері осынша белсенді болғаны бізді шексіз қуантты.

Сонымен, кім мықты? Кім «ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІ ЖАЙДАРМАНШЫСЫ» болуға лайықты? Мұны өздеріңіз берген дауыс бойынша топшылап та қойған боларсыздар. Біз ресми жариялаймыз!

Үздік үштік мыналар:

ІІІ орында   —  Бекзат ДҮЙСЕНОВ   «ҚазҰУ құрамасы»

(12%  792 дауыс)

ІІ  орында    — Мереке ҚАЛБАЕВА  «Тек қана қыздар»

(18%   1 187  дауыс)

І орын   — Самат ЖЫЛҚАЙДАРОВ!

(19%  1302 дауыс)

Құттықтаймыз!

Қарағандылық  «КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫ» командасының капитаны.

Өнерлі жігіт 2006 жылдан бастап осы командамен ойын көрсетіп келеді екен.  Демек, біраз  жылдық еңбек пен асқан тәжірибенің  жемісі   — Халықтың сүйікті ойыншысы болу шығар.

Бұл  — халықтың таңдауы! Халықтың ұлы  жеңімпаз атанып отыр! Құтты болсын! r6f5Ds_r17g

Пікір қалдыру