«Көкшетау КВН» филиалы

«Көкшетау КВН» филиалы 2006 жылы филиал ретінде тіркелген.  2006 — 2013 жыл аралығында Искаков Тимур Маратұлы филиал директоры болған. Кейін 2013 жылы филиал директоры қызметіне Мүсіп Ерлан Мұратұлы келді. Аталған директор 2 жыл ішінде филиал жұмысын біршама дамытып, «Жайдарман» ойындарының дамуына өз елеулі үлесін қосты,  қосып та жүр.

Көкшетау қаласында осымен 4 маусым қатарынан ашық деңгейдегі облыстық «Ақмола» лигасы өз қызметін атқарып келеді. 2012 жылғы чемпиондар, «Агрофак» КВН командасы, лиганың басқа да үздік ойыншыларымен қосыла, облыстық деңгейдегі құрама топ құрған болатын. Нәтижесінде, «Үш Жүз» жайдарман тобының жаңа құрамы Республикалық «Қызылжар» аймақтық лигасының 2012 жылғы маусымының қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынға ие болып, сол жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі кубогының иегері болды. 2013 жылғы маусымда команда республикалық Премьер лигаға жолдама алып, ¼ ширек финалға дейін жеткен болатын. 2014 жылғы маусымда команда республикалық Премьер лигаға қайтадан қадам басып, 1/8 финалда өнер көрсетті. Одан бөлек, команда 2014 жылы «Жасыбай толқыны 2014» республикалық арнайы жобасының жеңімпазы атанды. 2009 жылы Астана қаласы әкімінің кубогінде 2 орынға ие болған команда, 2013, 2014 жылғы Астана қаласы әкімінің кубогы фестивальдерінде жүлделі орынға ие болмаса да, намысты қолдан бермей, облыс атын шығарып, жақсы өнер көрсетуде. «Үш Жүз» тобынан бөлек, 2014 жылы филиал шәкірттері «Жұрттың балалары» және «Эрика Баду» командалары республикалық орталық лигаларда өз бақтарып сынап жүр.

«Көкшетау КВН» филиалы бойынша 3 лига жұмыс жасайды: ашық облыстық «Ақмола» лигасы, қалалық «Степногорск» лигасы, «Көкшетау» мектеп лигасы. Филиалға жалпы облыс бойынша 30-ға жуық команда тіркелген және 40-қа жуық аудандық командалар бар. Республикалық деңгейде 3 команда өнер көрсетеді («Үш Жүз», «Эрика Баду», «Жұрттың балалары»).

«Эрика Баду» және «Жұрттың балалары» жайдарман топтары республикалық Орталық лигаларда, «Үш Жүз» жайдарман тобы республикалық Премьер лигада өнер көрсетеді.

Филиал қызметкерлері тұралы мәлімет:

1)Ерлан Мүсіп Мұратұлы. erlan koksh

 

Туған күні: 1992 жыл, 26 қараша.

Білімі: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Сәдуақасов атындағы аграрлы – техникалық институты.

Қызметі: «Көкшетау КВН» филиалының директоры.

2)Жамаш Жалғас Бақытбекұлы.

Туған күні: 1993 жыл, 28 наурыз.

Білімі: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Қызметі: «Көкшетау КВН» филиалының атқарушы директоры.

3)Абулқасымов Дәулет Кенжеболатұлы.

Туған күні: 1995 жыл, 20 шілде.

Білімі: Көкшетау қаласы жоғары техникалық мектебі.

Қызметі: «Көкшетау КВН» филиалының әкімгері.

4)Рыспеков Азамат Амангелдіұлы.

Туған күні: 1992 жыл, 17 қараша.

Білімі: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Садуақасов атындағы аграрлы – техникалық институты.

Қызметі: «Көкшетау КВН» филиалының ұйымдастырушысы.

5)Нұрмұханов Қанат Амангелдіұлы.

Туылған күні: 1992 жыл 10 наурыз.

Білімі: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Садуақасов атындағы аграрлы – техникалық институты.

Қызметі: «Көкшетау КВН» филиалының ұйымдастырушысы. 

6)Алибеков Абзал Қалыдыбайұлы.

Туылған күні: 1995 жыл 2 наурыз.

Білімі: Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі.

Қызметі: «Көкшетау» филиалының ұйымдастырушысы.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...