Бөлісу

Маусымашар — 2015. Бесінші күн

Фестивальдің бесінші де күні әдеттегідей жоспарланған істермен сәтті аяқталды. Кестеге сәйкес, бүгін Елордада жиналған жайдарманшы жастар ардагер жайдарманшылармен кездесу өткізді. Жастар сарайының төрінде өткен бұл кездесудің маңызы басым деуге негіз бар.Хамит Ердехан,  Ақболат Өтебаев, Асылхан Дүкенбаев, Нұрболхан Шарапов және Даулет Сағынтаев осы кезеңге дейін «Жайдарман» әлемінен көрген-түйгендерімен және  жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Сахнаға енді ғана аяқ басып, өнер әлеміне беттегісі келген жайдарманшыларға келелі кеңестерін аямаған ардагер жайдарманшылар сәттілік тілеумен ғана шектелмеді. Сонымен қатар, әзілдің сапалы болуымен актерлік шеберлікке баса назар аударуды  тапсырды.  Редакторлар Бекзат  Дүйсенов пен Қасиет Кәрім плагиат және сахна мәдениетіне тоқталды.

Телеэфирге жауапты «Жайдарман» бағдарламасының көркемдік-жетекшісі Дәулет Бекмағамбетов жайдарманшылардың әзілдеріне тек залдағы көрермендерге емес, теледидар алдындағы көрермен үшін де өтімді болуын шарт екендігін міндеттеді.

Маусымда бақтарын сынағысы келген командалардың барлығына лайықты лигаларға жолдама берілді.  Республикалық Жоғары лигаға 20, Премьер лига 24, Бірінші лига 32, Орталық лига — 51, аймақтық лига — 50, арнайы жоба — 12. Сондай-ақ, жайдарман әлемінің дамуына өзіндік үлестерін қосқан азаматтарға түрлі номинациялар бойынша арнайы алғыс хаттар табысталды.

«Үздік филиал — 2014» — «Павлодар КВН» филиалы

«Үздік лига — 2014» — Қостанай облыстық Ашық лигасы

«Үздік тілші — 2014» —  «Қызылорда КВН» филиалының тілшісі Айдана Алиарыстан.

Үздіктермен қатар «Қазақстан КВН Одағына» еңбегі сіңген жандар да арнайы  грамотамен марапатталды. Олардың ішінде «Қазақстан» КВН Одағы» Вице-президенті Жомарт Әбіш, «Семей КВН» филиалының  директоры Еркебұлан Еңкебаев, «Қостанай КВН» филиалының директоры Марғұлан Бәкір, «Петропавл КВН» филиалының директоры Ерлік Мұхаммеджанов, «Алматы КВН» филиалының директоры Хамит Ердехан, «Қызылорда КВН» филиалының директоры Абдусаид Тулеганов, «Көкшетау КВН» филиалының бұрынғы директоры Тимур Маратұлы, Саран қалалық командалардың жетекшісі Алданыш Адамжанұлы, Сәтпаев қаласындаы  өкілдік директоры Батырлан Сейітжапбаров.

Марапаттау кезеңінен кейін гала-концертке өткен командалармен  жиналыс өтті.

Ал, гала-концертке өткендер:

1. Үлкен кісілер
2. Күлкі терапиясы
3. АЭСА
4. Альянс
5. Инженерлер
6. Бойжетпегендер
7. Бизнесмендер
8. 10-шы планета
9. Фарм жастары
10. Тұран
11. Сіздер үшін
12. Тараз-Астана
13. Феномен
14. Рахмет
15. Чехов аялдамасы
16. Эксклюзив
17. Онлайн
18. Өскемен қаласының құрамасы
19. Номады құрамасы
20. Бауырсақтар
21. 35 өрендері
22. 90-60-90
23. Аягөз құрамасы
24. Шапалақ
25. ҚТЖ.КЗ
26. Достар-Семей
27. Жұлдызды жігіттер
28. Ару.кз
29. Грант
30. ІТ құрамасы
31. Сырдария құрамасы
32. Жәке
33. Шу-чу
34. Абай даңғылы
35. Павлодар жастар құрамасы
36. Нұр-Астана
37. Тәтті құрама
38. Барыстар
39. 36
40. Қармақшы құрамасы
41. Арал жастар құрамасы
42. Сағыз
43. Байланыс жігіттері
44. Күлтегін
45. ЖасНар
46. Ұлттық құрама

Пікір қалдыру