Бөлісу

«Маусымашар-2015» фестивалі!!! (1-тур)

Бүгін әдеттегідей Жастар сарайының іші өнерлі жастарға лық толы болды. Бірі өз аймақтарынан енді келіп тіркеліп жатса, енді бірі сахна төрінде өз өнерлерін ортаға салуға асық болуда. «Жайдарман-2015» фестивалінің өту кестесіне сәйкес, бүгін фестивальдің I-туры өз да өз деңгейінде өтті.
Алға қойған нақты мақсаттары мен ақ үміттеріне сенім білдірумен қатар үздіксіз дайындықта жүрген командаларды көруге болады. Жастар сарайының төрінде жеребе тарту арқылы анықтаған реттілік бойынша өнер көрсеткен жайдарманшылардың бойында қуаныш сезімі де жоқ емес.
pxDPE_AeqjI

urBiVWAWSvw

8vzrxjN4vb8

Айта кетейік, фестивальдің I-турында командалар біркелкі киім үлгісімен өнер көрсетті. Командалардың өнерлеріне редактор мамандармен қатар залда жиналған көпшілік куә бола алды.
Ертең «Маусымашар-2015» үшінші күні де фестивальдің I-туры өз жалғасын табады деп күтілуде. Сонымен қатар, екінші кезеңге өтетін жайдарман топтары анықталатын болады. Реттілік сандары бойынша енді өнер көрсететін командаларға сәттілік серік болғай!

llEaV3BYX74

Пікір қалдыру