Бөлісу

Маусымның алғашқы жартылай финалдық ойынынан фотоесеп

Бүгін өткен Премьер лиганың бірінші жартылай финалдық ойынынан, тек премьер лиганың емес жалпы маусымның алғашқы жартылай финалынан фотосуреттер ұсынайық. Ойынның ең үздік кадрлары деп ойлап қалмаңыздар! Бұдан да өткен қызықты суреттер бар әлі. Әзірше тіске басар осы болсын))
Ойында ең әдемі сәлемдесу жап-жаңа формамен келген «Қармақшы құрамасында» болды. Әдемі би, бұлардың билері ғана емес, әзілдері өте-өте әдемі. Бұған дәлел қазылардың қойған толық «БЕС» ұпайы.

2

Шығыстан келген «Достарымыздың» өздері айтқандай жастар талабына сай әзілдері күлдіртті біраз. Әсіресе, дәріханада болған жағдайлары. Бір жігіт кеп, алатын нәрсесін «сұрауға да ұялады, жылауға да ұялады». Дәріханашы сұраған нәрсесінің таусылып қалғанын айтып: «ұлың болсын он шақты, қызың болсын моншақты» деп әндетіп шығарып салады.

Бұл «шайқасқа» әскерсіз, екі-ақ түйір боп келсе де, «Мардан ұландары» лайықты ойын көрсетті. Алғашқылардың бірі боп сәлемдесіп, халықты «Шымкент жастар құрамасының», «Қармақшы құрамасының» әзілдеріне дайындап, қыздырып алды.

Хадишаның дауысы өте керемет! Сөз жоқ! Шымкент жастар құрамасының әдемі-әдемі әзілдерінің сәнін кіргізіп, әрлеп тұр. Тағайдың әңгімелерінің де…)

5

«Боранқұл» бірінші сәлемдесіп, басқа командалардың әзілдерінің қасында ұмытылып қалған секілді. Бірақ, көріністерін ұмыту мүмкін емес енді…

Айтпақшы, бұл жартылай финалдың жаңалығы — жаңа сайыс «Егер…, онда…» Командалардың ақсап қалған тұсы осы болды. Бірақ, күлдірді барынша. Мысалы, «Егер Шымкенттік қыздардың қалың малының бағасы төмендеп кетсе, онда бізде акция, екінішісі сыйлыққа», «Егер EXPO Шуда өтсе, онда Шулықтар елестетіп жүргендерін шынымен көруші еді»

Бірақ, бұл сайысқа келгенде қазылар қаталдықтарын көрсетті. Тіпті, Нұрмахан Мұқанұлы бір-екі рет «бір» деген баға қойды. Биылғы Премьер лиганың ерекшелігі осы ғой: қазылары қатал, қатаҢ бағалайды))

8

Селфи. Бүгін селфи жалпы өте көп болды: сахнада да, залда да. Сахна артында, гриммдеу бөлмелерінде, ойын басталмас бұрын, ойыннан кейін… Ойын кейін әсіресе «Қармақшы құрамасында) Финалға бірінші орынмен өткен командамен селфилеткісі келетін қыздар «Жастар» сарайының маңында өріп жүрді))

Соңғы суретте ауылдық екі команданың әсем әжуа-қағытпаларымен Астананы жаулап алғандығы хабарланып жатқан сәт. Боранқұл және Қармақшы ауылдарының балалары «Әдебиет маусымының» финалында.

 

 

Пікір қалдыру