Бөлісу

Маусым айында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындары мен гала-концерті өту жоспарлануда

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 3-4-5-6 маусым күндері Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындары мен гала-концерті өту жоспарлануда.
Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысады. Ойындарға елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Еркебұлан Мырзабек, Рүстем Елжанов қазылық етеді. Іріктеу ойындарының барлық кезеңіне телевизиялық түсірілім жасалып, отандық телеарналардан көрсетілу жоспарлануда.
Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын алдағы уақытта күтіңіздер!

Пікір қалдыру