Маусым-2021

Биыл – «Өзгеріс» маусымы.

Жайдарман ойындарының 2021 жылғы маусымашар ойындарына тіркелу ашық. Биыл – «Өзгеріс» маусымы. Бұл жылы маусымашар ойындарының өткізу форматы да өзгерді. Алдымен барлық командалар өз өңірлеріндегі маусымашар ойындарына қатысады. Бүгінге дейін өңірлік маусымашар Қызылорда және Қостанай облыстарында өткізілді. Сәуір айының соңына дейін барлық аймақта маусымашар фестивалі өтпек. Ал дәстүрлі Республикалық маусымашар фестивалі мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында болады деп жоспарлануда.
Биыл лигалар бойынша да өзгерістер бар. Енді барлық командалар келесі лек бойынша бөлініп, өнер көрсететін болады:

  • Jaidarman cup
  • Jaidarman top (жоғары лига)
  • Jaidarman live (премьер лига)
  • Jaidarman style
  • Бірінші лига
  • Bala jaidarman (мектеп)
  • Телевизиялық арнайы жобалар

Жайдарман – жастардың жобасы. Үнемі қолдап, жаңа мүмкіндіктердің есігін ашуға дайын. Биыл да жоспарланған жұмыстар бойынша, біршама іс-шаралар өтеді. Маусымашар фестиваліне тіркелу реті дәл бұрынғыдай. Барлық командалар алдымен өз өңірлерінің маусымашарына қатысып, республикалық жобаларға жол салмақ.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...