Маңғыстауда Жайдарманның жас жұлдызы Жолекешов Айдосты еске алу кеші өтті

2015 жылғы 18 шілде күні М.Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Маңғыстаулық жайдарманның жас жұлдызы Жолекешов Айдосты еске алу кеші» өтті.

DSC_0284

«Жайдарман» — көңілді тапқырлар өнер көрсететін ойын-сауық бағдарлама. Әзіл-оспақты қолдана отырып қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға шақырды. Отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттайды.

DSC_0036

Бүгінгі сайысқа республикалық және облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген топтар қатысты. Олар  Жаңаөзен жастар құрамасы, «Феномен» Ақтөбе қаласы, «Өнер» еркін құрамасы, Бейнеу ауданының «Боранқұл» және «МПТК.kz» құрама командалары.

DSC_0134

Ойын 3 кезеңнен тұрды: 1. Сәлемдесу; 2. Командалық жанбату; 3. Еркін сайыс (Фристайл). Ойын қорытындысы бойынша жүлделі І орын «Боранқұл» құрамасына бұйырып, ал жүлделі ІІ орынды «МПТК.kz» құрамасы иеленсе, ІІІ орын Жаңаөзен жастар құрамасына бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Феномен» Ақтөбе құрамасының ойыншысы Ерғазин Амангелді атанды. Бүгінгі ойынның жеңімпаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

DSC_0067

Ойын соңында жандары сағынышқа толы, Жолекешов Айдостың бірге ойнаған командалық достары арнайы өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар,  жайдарманның жас жұлдызы Жолекешов Айдостың әжесі, ата – анасы ұйымдастыру алқасына, Ақтау қалалысының жастарына, бірге ойын көрсеткен жолдастарына, көңілінде елесі қалған ұлын еске ала отырып, өз алғыстарын  білдірді. «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруышылары алдағы уақытта «Маңғыстаулық жайдарманның жас жұлдызы Жолекешов Айдосты еске алу кешін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлауда.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...