Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты. Жоғары лига. Финал | Ресми есеп

2015 жылдың 25 қараша күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Бүгінгі тарих, ертеңгі тарих» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының жоғары лига  финалдық бәсекесі өтті.

IMG_0715

Жастардың арасында достықты, ынтымақтастықты нығайту мақсатында, бос уақыттарын тиімді өткізуді көздейтін КВН қозғалысы Маңғыстау тұрғындарын бір иірімге келтіріп, күлкіге қарық қылғаны анық. Әр нәрсенің бастамасы қалай болса, шарықтау шегі солай өрбитінін ескере келе, Тарих маусымының алғашқы парақтарын көтеріңкі көңіл-күймен бастаған жастар, жыл бойы солай жүрері айдан анық.  Жайдарман – жалынды, интелектуалды жастар мекені.

IMG_0643

 Бүгінгі сайыста республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының «жайдарман» топтары бақтарын сынаған болатын. Олар Жалын құрамасы, Атамекен, Боранқұл және жалғыз ғана қонақ команда С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің құрамасы «Бәйішев жастары». Жалпы тақырып «Бүгінгі тарих, ертеңгі тарих». Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының финалдық бәсекесінде командалар чемпион атану үшін сынға түсті.

Жоғары лиганың жайдарман топтары финалдық ойында 3 кезең бойынша сайысқа түсті:

  1. Сәлемдесу – (Тарихтан табам өзімді)
  2. Бес сайыс
  3. Капитандық сайыс
  4. Үй тапсырмасы – «Тарихи көрініс»

         Бүгінгі жоғары лиганың ақтық мәресіне, яғни финалдық ойынға командалар  өте жақсы дайындалған. Жайдарман топтары өте жоғары деңгейде тартысты ойын көрсетті.

IMG_0667

         Сонымен, бүгінгі жоғары лиганың финалдық бәсекесінің қорытындысы бойынша жүлделі І орын иегері «Чемпион – 2015» республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген Маңғыстаудың мақтаныштары, Маңғыстау ашық чемпионатының дебютанттары, фовариттері «Боранқұл» жайдарман тобы. Ал, жүлделі ІІ орын иегерлері Жаңаөзен қаласынан келген еркін құрама «Жалын»жайдарман тобына бұйырды. Сонымен қатар, жүлделі ІІІ орын Мұнайлы ауданынан келген нағыз Дашының балдары «Атамекен» жайдарман тобы қанағат тұтты. «Үздік ойыншы» номинациясын Еркін құрама «Жалын» жайдарман  тобы Әбу Жолымға берілді. Жеңімпаздарға алғыс хат дипломдар және жүлделі сыйлықтар табысталды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...