Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты. Жоғары лига. Ширек финал

30 мамыр күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Ежелгі тарих» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты 1/4 ширек финал Жоғары лига ойыны өтті.

IMG_0723

Шараның басты мақсаты – дарынды жастар мен өнер ұжымдарын анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдайлар жасау, қазақ тілін кеңінен насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану, студент жастардың белсенділігін арттыру. Бүгінгі сайысқа облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының және Ақтөбе, Құлсары, Жаңаөзен қалаларының «жайдарман» топтары бақтарын сынады. Олар  «Альтаир» Жаңаөзен қаласы, «Өнер» еркін құрама, «МГТУ құрамасы», «Каспий» политехникалық колледжі,  «Асыл арман» еркін құрама Ақбөте қаласы, «Боранқұл» Бейнеу ауданы, «Финляндия» Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Құлсары керемет». Жалпы тақырып «Ежелгі тарих». Ойын 3 кезеңнен тұрады: 1.Сәлемдесу. 2. Бес әзіл. 3.Көрініс.

IMG_0854

Бүгінгі ойынның қорытындысы бойынша жартылай финалға жоғары ұпай жинап тікелей жолдама алған топтар «Өнер» еркін құрама, «Каспий» политехникалық колледжі, «Боранқұл» Бейнеу ауданы, «Финляндия» Ақтөбе және «Құлсары керемет» тобы резервтік команда ретінде жартылай финалға өтті. Ал ұпай санын төмен жинаған «Альтаир» Жаңаөзен қаласы, «МГТУ құрамасы», «Асыл арман» еркін құрама топтары жоғары лига ¼ ширек финалда өз ойындарын тоқтатты.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...