Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты. Премьер лига. Жартылай финал

2015 жылғы 7 қазан күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Тарих толқынында» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының премьер лига ½ жартылай финалдық бәсекесі болып өтті.

IMG_6271

Шараның басты мақсаты – дарынды жастар мен өнер ұжымдарын анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдайлар жасау, қазақ тілін кеңінен насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану, студент жастардың белсенділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі сайысқа облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының «жайдарман» топтары бақтарын сынаған болатын. Олар Бейнеу жастары, АТКС құрамасы Гүлдерай, Студенттер, Атамекен жастары, Лицей құрамасы, Басқұдық құрамасы, Агростар. Жалпы тақырып «Тарих толқынында».

Ойын 2 кезеңнен тұрды:

  1. 5 әзіл
  2. Сәлемдесу + көрініс (Тарихқа тағзым 7-8 минут)

 IMG_6167

Бүгінгі ойын өте жоғары деңгейде өтіп, командалар тартысты ойын көрсетті. Ойынға қатысқан 8 команданың 4-уі ойын қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинап, финалдық ойынға жолдама алды. Олар атап өтетін болсақ, «Басқұдық» құрамасы,  «Лицей» құрамасы, «Атамекен жастары»,          «Гүлдер-ай» құрамасы. Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен «Бейнеу жастары» резервтік команда ретінде финалдық ойынға өтті. Ал ұпай санын төмен жинаған «АТКС» құрамасы, «Студенттер», Агростар 1/2 жартылай финалда өз ойындарын тоқтатты.

IMG_6133

IMG_6420

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...