Бөлісу

Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты. Премьер лига. Финал

2015 жылғы 24 қараша күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Біздің тарих» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының премьер лига  финалдық бәсекесі өтті.

IMG_0006

Жайдарман ойындары –  қазіргі кезде еліміздің ірі-ірі мегаполистерінен бастап, сонау түкпірдегі ауылдарына дейін кеңінен қанат жайған жоба. Бүгінде еліміздің ұлты, діні өзге болса да Қазақстанның жалынды жастарының басын қосып, көпшіліктің сүйіп тамашалайтын және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды.

IMG_0096

 Бүгінгі сайыста облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының «жайдарман» топтары бақтарын сынаған болатын. Олар Бейнеу жастары, Гүлдерай, Атамекен жастары, Лицей құрамасы, Басқұдық құрамасы. Жалпы тақырып «Біздің тарих». Бұл ойын бұрынғы ойындардан өзгеше. Себебі, бүгін Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының финалдық бәсекесі.

Премьер лиганың жайдарман топтары финалдық ойында 3 кезең бойынша сайысқа түсті:

  1. Сәлемдесу – (Тарихта қалай қаламыз?)
  2. Жамбы ату
  3. Көрініс –«Тарихқа терең бойлағам» (танымал жайдарманшымен көрініс).

IMG_9943

Бүгінгі премьер лиганының шешуші кезеңі, яғни финалдық ойында командалар чемпион атануға  бақ сынасты. Ойын өте жоғары деңгейде өтіп,  жайдарман топтары тартысты ойын көрсетті.

IMG_0131

Сонымен, бүгінгі премьер лиганың финалдық бәсекесінің қорытындысы бойынша жүлделі І орын иегері, яғни «Чемпионат – 2015» атанған Жаңаөзен қаласынан келген әсем де сұлу қыздардан құралған жалғыз құрама «Гүлдерай» жайдарман тобы. Ал, жүлделі ІІ орынды «Басқұдық құрамасы» иеленіп, жүлделі ІІІ орынды «Лицей құрамасы» өз қанжығасына байлады. Сонымен қатар, әділқазылардың шешімімен «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Лицей» құрамасының ойыншысы Ойлашев Жансерік атанды. Жеңімпаздарға алғыс хат дипломдар және жүлделі сыйлықтар табысталды.

Пікір қалдыру