Бөлісу

Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты. Премьер лига. Ширек финал

27 мамыр күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Дәуірлер куәгері» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты премьер лигасының 1/4 ширек финалдық бәсекесі өтті.

DSC_6654

«Жайдарман» — көңілді тапқырлар өнер көрсететін ойын-сауық бағдарлама. Әзіл-оспақты қолдана отырып қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға шақырды. Отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттады.

Шараның басты мақсаты – дарынды жастар мен өнер ұжымдарын анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдайлар жасау, қазақ тілін кеңінен насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану, студент жастардың белсенділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі сайысқа облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының  «Жайдарман» топтары бақтарын сынады. Олар:  «АТКС құрамасы», «Көңілді жастар», «Гүлдер-ай», «11 KZ»,  «Атамекен жастары», «Агростар», «Өнер», «Студенттер», «Басқұдық құрамасы», «Бейнеу жастары», «Ойнап айтам» және «Лицей құрамасы». Жалпы тақырып «Дәуірлер куәгері».

Ойын 2 кезеңнен тұрды:

  1. Сәлемдесу+5 жаңалық
  2. «Біздің дәуір тарихы»

Бүгінгі ойынның қорытындысы бойынша жартылай финалға тікелей жолдама алған топтар: «АТКС құрамасы», «Көңілді жастар», «Атамекен жастары», «Гүлдер-ай»,«Агростар», «Басқұдық құрамасы», «Бейнеу жастары», «Лицей құрамасы». Ал ұпай санын аз жинаған «Өнер», «11 KZ», «Студенттер» және «Ойнап айтам» топтары ынталандыру есебінде алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір қалдыру