Маңғыстау облыстық «Маусымашар — 2016» фестивалі

2016 жылдың 28 наурыз күні Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы бойынша филиалы және «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен «Маусымашар — 2016» фестивалі жайдарман әзілкештері мен тапқырлар сайысы өткізілді.
Жайдарман әзілкештері мен тапқырлар сайысы өте жоғарға деңгейде өтті. Келген көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, қала жастары жайдарлы жүзбен шыққан әр командаға жарқырата қолдау білдірді. Сахнаға шыққан жайдарманшылар өз стилі, биі, шымшыма айтқан әзілдері көрермен жастардың көңілін тапты.
Маңғыстау жастарының сүйіспеншілігіне айналған жайдарман, өскелең ұрпақтың жанұясына болғаны белгілі. «Маусымашар – 2016» фестиваліне Маңғыстаудың әр ауданынан келіп өнер көрсеткен 20 команда өз бақтарын сынады. Келген көрермендер шапалақпен және де дыбысты қолдау білдіріп, қимай қоштасты.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...