«Назар Аудар» биыл маусымда ма?

 

IMG_1074«Назар Аудар» жайдарман тобының мүшесі Ғазиз Ерболат:  «Назар Аудар» командасының жанкүйерімін

  • «Назар Аудар» тобы қазір қайда? Немен айналысуда?
  • «Назар Аудар» дал қазіргі сәтте «Маусымашарда».  Ал, өмірде Алла қаласа өзіміздің жоспарлаған «Назар Аудар» жобасының кезекті шығарылымдарын көрермендерге ұсынуды ойластырып отырмыз. Әрине, ол жобаны жүзеге асырмас бұрын тыңғылықты дайындықты талап ететіні анық. Сол жоба негізінде жұмыс жасауды ойластырып отырмыз.
  • «Назар Аудар» биылғы маусымға қатысып, өнер көрсетеді деген сыбыс бар? Қаншалықты рас?
  • Жоқ, маусымға қатыспаймыз. Ол сыбыс шындыққа жанаспайды. Бірақ, әр сайыс сайын келгенді жөн көреміз. Оған себеп – «Жайдарман» арқылы тапқан достарымыздың бір-біріне деген сағынышы. Бұрын «Жайдарманға» қатысып бастаған уақытта Есен ағаны көруге асығып жүретінбіз.

IMG_1071

  • Сіздердің іздеріңізді басқан жас командаларға «Чемпион» ретінде қандай кеңес айтар едіңіз?
  • Өнер көрсетіп жүрген командаларға айтарым – білім! Көп оқып, көп іздену керек. Кезінде бізге де осы пікірлер айтылғанда, «оқудың не қатысы бар?!» деп айтатынбыз. Расында, білім керек екеніне көз жеткіздік. Әр сапалы әзілдің біліммен құрылатынын түсіндік. Қазіргі жайдарманшылардың талаптары да жақсы.
  • Өзіңіз қай командаға жанкүйерсіз?
  • Мен барлық командаға жанкүйермін.
  • Ал, шындығына келсек?
  • «Назар Аудар» командасының жанкүйерімін.

Айдана Әлиарыстан

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...