-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
Нұр-Сұлтан қалалық біріншілігінің 1/4 финалы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен «Нұр-Сұлтан қалалық Жайдарман біріншілігі» өтіп жатыр.Қалалық Жайдарман біріншілігінің 1/4 финалы 28 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы, Жастар сарайында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан қаласы Жайдарман ойындарының директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Фестивалге қатысуға 40-тан аса команда өтініш білдірді, оның 15-і маусымашардың гала-концертіне өнер көрсетті. 18 командаға қалалық чемпионатқа қатысуға жолдама берілген болатын. Жолдама алған командалар 1/4 финалда ойын көрсетіп, жартылай финалдың жолдамасына таласты. Командалардың жас айырмашылықтары алшақ емес.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстан КВНОдағының атқарушы директоры Р.Елжанов, Қазақстан студенттер Альянсының президенті Ілияс Түстікбаев, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы – Ақұлан Тастемір, Жайдарман ойындарының 2015 жылғы чемпионы «Күлтегін» командасың мүшесі Әділет Төлеутай, Жайдарман ойындарының 2018 жылғы чемпионы «Байдың балалары» командасының мүшесі Бағдаулет Сейітжаппаров болды.

Ойын тартысты өтті. Командалар жан-жақты дайындықпен келген.
Қазылар алқасының шешімімен жартылай финалға
- Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
- Ва Банк — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
- Қолтырауын
- Астана жастары
- Дастан — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
- Бәсеке – Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық университеті
- Сарыарқа құрамасы- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттвқ университеті
- ЖК Қыз жібек командасы
- Грация- Қазақ Технология және Бизнес университеті
- КазАгро командасы
- Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
- Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
командалары жолдама алды. 1/2 финал 11 қарашада Жастар сарайында өтеді.