Онлайн репортаж. Жоғары лига. Ширек финал. Үшінші топ


Қайырлы кеш! Ширек финалдық бәсекелердің соңғы ойынына келдік. Бүгін үшінші алтылық жартылай финалда өнер көрсету үшін таласқа түспек. Нәтиженің қандай болары барлығымызға қызық, күтейік! Шамамен екі сағатта белгілі болады. Айтпақшы, резервтегілерден кім өтер екен? Ол да қызық. Жарайды, күтейікші!
Төмендегі командалар ойнайды бүгін:

«Демеушіміз Болашақ», Астана

 

«Мұнай тамшылары», Жаңаөзен

 

«Экспресс», Ақтөбе

 

«Тек қана қыздар», Алматы

 

«Сағыз», Атырау

 

«ЖасНАР», Алматы


Қазылар алқасы құрамында:
Алдан Жылгелді, Шыңғыс Бескемпіров, Мұрат Әбенов, Сара Тоқтамысова, Максим Рожин
Жалпы тақырып: «Әлем әдебиеті»
Сайыстар: 1) Сәлемдесу; 2) Бейнесайыс; 3) Әзіл бәйге; 4) Көрініс (СТЭМ)
Шапалақтаудамыз!!! ))
Есен Елеукен сахнада! Кетттік!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
«Мұнай тамшылары» Батыстық команданың батыс туралы әзілден бастайды. Халыққа есеп бере алмайтын әкім. Қызғаншақ отағасы.
Немерелерімен телехикая көріп отырған әже. Туған күн кешінде Самат Сымақовтың тілек айтуы. Соңында әдеттегідей теңеу: әр мемлекетті түрлі спорттық ойындарға.
«Тек қана қыздар». Командаға әдемі қыздар алынған. Мереке Шерлок Холмстың образында шығып біраз әңгімесін айтты. Кешью тобының тойға шығуы. Ең соңында әдемі өлең.
«Экспресс». Топқа қыз алу мәселесі: Рамазан қарсы, қалғандары керісінше Путин мен Мәсімовтың Байқоңырдағы кездесуі. Жазушылар бірігіп бір шығарма жазуда. Әр жазушының өзіндік қырлары. Соңында Абай жолын оқығандар ғана түсінетін сөз.
«ЖасНАР». Күлкі түрлері тоқталды алдымен. Уәлибек Әбдірайымов бала кезінде.(жақсы пародия) Бокс. Әлемнің 15 тілінде Сезім білдіру. «Альянс» би тобы Жаснар нұсқасында. Соңында классика. Зал күлкіден ес жия алмай қалды. Керемет.
«Сағыз құрамасы» Жақында «Нұр Отан» кубогын алды. Қуаныштың Астанаға ұшақпен келуі. Сағыздың әдеттегі әңгімелері.Әдемі ойын
«Демеушіміз болашақ» Динаның ұзату тойы. Өте бай жерге әрі өте ірі жігітке ұзатылып жатыр. Командадағылар жақсылап шығарып салуда. Құдалар қалыңдықтың қалың малын Нұрболханға табыстап, Нұрболхан қызды құдаларға табыстап… ал, Дина, артыңа қарама!
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Мұнай тамшылары» 45544 4.4
«Тек қана қыздар». 43433 3.4
«Экспресс». 55555 5
«ЖасНАР». 54445 4.4
«Сағыз құрамасы» 54455 4.6
«Демеушіміз Болашақ» 55554 4.8

«Бейнесайыс»

Тақырып: «Жайдарман Pictures ұсынады»
«Тек қана қыздар». Мерекенің қырсық әрі ерке мінезі туралы фильм.
«Сағыз құрамасы» Әлем әдебиетін өздері білмегендіктен, қалалықтан сұрайды.
«Демеушіміз Болашақ» Жігіт алып ашу операциясы.
«Мұнай тамшылары» «Тек қана Жаңаөзенде». Жаңаөзеннің қаласының басқалардан артықшылықтары.
«Экспресс» Әсем қала Ақтөбенің ең әсем жерлері.
«Жаснар» «Жаснар ТВ» телеарнасы. Бағдарламалар анонсы.

«Бейнесайыс» бойынша ұпай сандары:
«Тек қана қыздар». 32323 2.6
«Сағыз құрамасы» 33433 3.2
«Демеушіміз Болашақ» 44333 3.4 — 0.2 = 3.2
«Мұнай тамшылары» 33333 3
«Экспресс» 44443 3.8
«Жаснар» 44444 4 — 0.2 = 3.8
Регламент сақталмағаны үшін «Демеушіміз Болашақ» және » Жаснар» жайдарман топтарынан 0.2 ұпай шегерілді.

«Әзіл бәйге» сайысы

«Жаснар» 22222 2
«Демеушіміз Болашақ» 23232 2.4
«Тек қана қыздар» 12211 1.4
«Экспресс» 22222 2
«Сағыз құрамасы 33333 3
»Мұнай тамшылары» 22232 2.2

Көрініс (СТЭМ)

Тақырып: «Иә бар, не жоқ»
«Сағыз құрамасы» Көрініс Даниэль Дефоның Робинзон Крузосы желісімен. Аралда адасып жүрген Жәпөк-Робинзон. Жұма күні жабайы адамға жолығады. Тура шығармадағыдай… жаңағы жабайымен достасып кетеді. Кейін сол аралдың жігіттері тиіседі. Көмекке аралдық Ғалымды шақырады…
«Мұнай тамшылары» Қылмыскер жігіт үйіне тұтқын алып келеді. Сол кезде ата-әжесі де ауылдан келуді ұйғарады. Жаңағы тұтқынды әжесіне келін деп таныстыруға тура келеді. Жағдай шиеленісуде, шарықтау шегі қалай болары бәрімізге де қызық…
«Тек қана қыздар» Лифттегі қыздар. Жәй тұрмай, әңгімелесіп тұрғанда кенеттен лифт тоқтап қалады. Ал, көмекке келер ешкім жоқ. Амалдың жоқтығынан Джеки Чанды шақырады.
«Экспресс» Дипломмен ауылға бағдарламасымен келген мамандарға ауылдықтардың әрекеті. Әкімнен бастап, біртүрлі қарсы алады екен.
«Демеушіміз Болашақ Группада бір ғана жігіт оқыған кезде отырыстар да ерекше өтеді. Нұрболхан тек қана қыздармен отырыста. Сағат 22:00. Жігіт кешігіп келіп, қыздарға анекдот айтады. Сағат 00:00. Жігіт қылық шығарады. Сағат 02:00. Бидің қызған шағы. Вальс. Енді ары қарай өздеріңіз білесіздер ғой))
»Жаснар» Кітапханада кітап оқып отырған Дархан 1514 жылға түсіп кетеді. Кітаптағы ертегі кейіпкерлерімен танысып, тіпті үшбасты айдаһарға кезігеді. Әрі қарай эфирден көру керек.
«Көрініс» бойынша ұпай сандары:
«Сағыз құрамасы» 45434 4
«Мұнай тамшылары» 54444 4.2
«Тек қана қыздар» 45433 3.8
«Экспресс» 54554 4.6
«Демеушіміз Болашақ 55454 4.6
»Жаснар» 55545 4.8

ҚОРЫТЫНДЫ

Жартылай финалға тікелей жолдама алғандар:
Экспресс 15.4
Демеушіміз Болашақ 15
Жаснар 15

Резервте:
Сағыз 14.8
Мұнай тамшылары 13.8
Тек қана қыздар 11.2
Айтпақшы, резервтегілерден ешқайсысына да келесі ойынға жолдама берілмейді. Әр топтан үш-үштен 9 команда ғана тікелей жолдама алды. Ойынды ширек финалдан тоқтатқан командалар Астана қаласы әкімі кубогіне арнайы ұйымдасытырылатын фестивальде өнер көрсетеді.

Нәтиже осындай. Кейбір командаларға «Маусымашарға» дейін, ал кейбір командаларға жартылай финалда кездескенше дейміз!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...